«Самұрық-Энерго» АҚ жылдық есеп конкурсының номинациясында екінші орын алды

Сарапшылар жылдық есептің ақпараттық толтырылуын бағалады

«Самұрық-Энерго» АҚ жылдық есеп конкурсының номинациясында екінші орын алды

«Эксперт РА Казахстан» рейтингілік агенттігі және Қазақстандық қор биржасы (KASE) өткізетін жыл сайынғы конкурс аясында «Самұрық-Энерго» АҚ 2017 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша «Қаржылық емес сектордағы үздік жылдық есеп» номинациясында екінші орынды иеленді. Конкурсқа қазақстандық компаниялардың 107 жылдық есебі, соның ішінде 43 қаржылық және 64 қаржылық емес ұйымдардың есебі ұсынылған болатын. Құжаттарды Қазақстанның, Ресейдің, Украинаның, Беларустің өкілдерінен, Дүниежүзілік Банктің, «ПрайсУотерхаусКуперс» ЖШС-нің және KASE-нің топ-менеджментінен құралған сарапшылық комиссия бағалады.

«Жылдық есеп акционер, инвесторлар мен өзге де стейкхолдерлер үшін байланыс құралының бір түрі және есеп берудің нысаны болып табылады. Сапалы дайындалған жылдық есеп Компанияларға корпоративтік басқарудың рейтингін жоғарылатуға мүмкіндік береді және жағымды бет-бейнесін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Біз, ешбір күмәнсіз, ең үздік болуға ұмтыламыз, бірақ есепті керек болғаны үшін жасай салмаймыз. Сондықтан, сайтта 2017 жылдың қорытындысы бойынша Жылдық есептің интерактивті версиясында біз кез келген адам Жылдық есепте өзі көргісі келген ақпаратқа қатысты пікір-тілегін қалдыруы үшін онлайн сұрақ-жауапты қостық (https://www.samruk-energy.kz/ru/shareholder/annual-reports). Оқырмандардың бәріне сәттілік және жаңа 2019 жылы жоғары нәтиже тілеймін!», - деп «Самұрық-Энерго» АҚ «Корпоративтік басқару және орнықты даму» департаментінің директоры Мадина Айсариева конкурстың қорытындысына түсінік берді.

Құжатты бағалаудың негізгі критерийлері ретінде жылдық есептің ақпараттық толтырылуын, компания қызметіндегі маңызды бағыттардың толық ашылуын, сату нарығының терең талдануын, бәсекелестік басымдықтардың болуын және құжаттың құрылымдалуын атап өтуге болады. Одан тыс, сарапшылар Жылдық есептің «жауыр» болмаған тың, әлеуетті оқырмандар үшін (мамандар болсын, жай акционерлер мен инвесторлар болсын) қызықты ақпаратқа толы екенін атап өтті.

Жылдық есеп сапасының деңгейі бойынша жалпы рейтингіде «Самұрық-Энерго» АҚ, 2016 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша өткізілген конкурстың қорытындысымен салыстырғанда төрт позицияға көтеріліп, 5-орынды иеленді.

Жылдық есеп төрт негізгі бағыттан: нарықты талдаудан, компания бизнесінің стратегиясына сипаттамадан, құн жасау қызметінен және қаржылық нәтижелерден тұрады. Жылдық есеп конкурсының мақсаты – компаниялардың ақпаратын мүдделі тараптар үшін тиімді ашуға қолғабыс ету.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2017 жылғы Жылдық есебінің интерактивті версиясымен мына сілтеме арқылы танысуға болады: http://ar2017.samruk-energy.kz/.

2018.12.27
2018.12.27

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng