«Самұрық-Энерго» АҚ электр және көмір өндірудің 2018 жылғы жоспарын асыра орындады

Өндіруші кәсіпорындар қуат нарығында жұмыс істеуге дайын

«Самұрық-Энерго» АҚ электр және көмір өндірудің 2018 жылғы жоспарын асыра орындады

«Самұрық-Энерго» АҚ қазақстандық тұтынушылардың 2018 жылға арнап электр энергиясы мен энергетикалық көмірге берген тапсырыстарының бәрін толық қамтамасыз етті. Қазақстандық аса ірі электр энергетикалық холдингтің құрылымындағы өндіруші компаниялар осы жылдың 10 желтоқсанында-ақ электр өндіру бойынша жылдық жоспарларын 100 процентке орындап қойды. Бұл жерде сөз «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ, «О.Қантаев атындағы Мойнақ СЭС» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ туралы болып отыр.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның энергия өндіруші ұйымдары жыл басынан бері 27 желтоқсанға дейін жоспарланған 31,19 млрд. кВтс-тың орнына 31,25 млрд. кВтс электр энергиясын өндірді. Бұл көрсеткіш 2017 жылдың дәл осындай кезеңіне қарағанда 4 млрд. кВтс (немесе 15%-ке) артық. Жыл қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ-да 31,7 млрд. кВтс электр энергиясы өндіріледі деп күтілуде, бұл Қазақстан бойынша жалпы өндірілетін электр энергиясының шамамен 30%-ін құрайды.

Екібастұздағы «Богатырь Көмір» ЖШС-нің көмір кеніштерінен жыл басынан бері жоспарланған 40,7 млн. тоннаның орнына 44,5 млн. тонна көмір жөнелтілді (соның ішінде экспорт 9,4 млн. тоннаны құрады). Бұл көрсеткіш 2017 жылдың дәл осындай көрсеткішінен 4,3 млн. тоннаға артық.

Коммуналдық-тұрмыстық көмірді (КТК) жөнелту де тұтынушылардың тапсырыстарына сәйкес жоспарлы режимде іске асырылуда. КТК бойынша 2018 жылға арналған жылдық жоспар 1 млн. тоннаны құрайды, ол 25 қыркүйекте орындалып қойды. 27.12.2018ж. жағдай бойынша 1,51 млн. тонна немесе жылдық жоспардың 151 %-ін құрайтын тұрмыстық-коммуналдық көмір сатылды. Бұл жерде, ауылдық елді мекендердегі Екібастұз көмірін паспорттық отын ретінде пайдаланатын ұсақ қазандықтар туралы сөз болып отыр.

Бүгінгі таңда еліміздің аса ірі электр энергетикалық холдингінде энергия өндіруші ұйымдарға (ЭӨҰ) арналған электр энергиясы нарығындағы жаңа ережелерге дайындық жүруде. Белгілі болғандай, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап, өндіруші жабдықтың тозу деңгейін қысқарту мақсатында, Қазақстанда қуат нарығы қолданысқа енгізіледі. Ол жаңа энергия кәсіпорындарын құруға, жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуға және қайта құруға мүмкіндік береді.

2018 жылғы желтоқсанда Қазақстанда алғаш рет республиканың Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өтті. Сауда-саттық электр энергиясы рыногы Қазақстандық операторының сауда алаңында жүргізіліп, оған еліміздің ЭӨҰ, соның ішінде «Самұрық-Энерго» АҚ-тың негізгі өндіруші 5 кәсіпорны: «АлЭС» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ СЭС» АҚ қатысты.

Сауда-саттықтың қорытындылары бойынша, «Самұрық-Энерго» АҚ-тың ЭӨҰ шамамен 4 800 МВт болатын қолдағы бар қуат көлемінен Қазақстан Республикасы БЭЖ-дің Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша сатқан қуаттың жиынтық көлемі 2 148,7 МВт-ты құрады.

«Самұрық-Энерго» Ақ-ның мамандары атап өткендей, нарықтың барлық қатысушылары, тұтас алғанда, энергетикалық қуат көздерінің құрылысын және жаңғыртылуын қаржыландырудың айқын механизміне қол жеткізеді. Бұл орайда, есептеу-қаржы орталығынан «Самұрық-Энерго» АҚ-ның кәсіпорындарына электр қуатының дайындығын қамтамасыз ету қызметіне төлем шекті тариф – айына 590 мың теңге/МВт бойынша іске асырылады.


«Самұрық-Энерго» АҚ – акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі Қазақстандағы ең ірі электр энергетикалық холдинг. 2007 жылы құрылды. Қызметтің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі

Тел: (7172) 55-30-62; Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

2018.12.27
2018.12.27
  • Қаз
  • Рус
  • Eng