Самұрық-Энерго электр қуатының сауда-саттығы алғаш рет өтті

Қазақстанда алғаш рет республиканың Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өтті

Самұрық-Энерго электр қуатының сауда-саттығы алғаш рет өтті

Қазақстанда алғаш рет республиканың Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өтті. Сауда-саттық электр энергиясы рыногының Қазақстандық операторы «ЭҚРҚО» АҚ-тың сауда алаңында жүргізілді және ҚР БЭЖ-дің Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын байланыстыратын электр жеткізу желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып өткізілді.

Компанияның энергия өндіруші ұйымдары – «АлЭС» АҚ-тың, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-тың, «Шардара СЭС» АҚ-тың және «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ СЭС» АҚ-тың қуаттың орталықтандырылған сауда-саттығына қатысуы үшін «Самұрық-Энерго» АҚ-тың Сауда үйі негізінде орталық-алаң құрылды.

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары бойынша, «Самұрық-Энерго» АҚ-тың еншілес кәсіпорындары шамамен 4 800 МВт болатын қолдағы бар қуат көлемінен Қазақстан Республикасы БЭЖ-дің Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша сатқан қуаттың жиынтық көлемі 2 148,7 МВт-ты құрады.

Қуаттың өткізілген сауда-саттық нәтижелері 2019 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ энергетикалық жабдығының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында толыққанды инвестициялық жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.


«Самұрық-Энерго» АҚ – акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі Қазақстандағы ең ірі электр энергетикалық холдинг. 2007 жылы құрылды. Қызметтің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.


«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі

Тел: (7172) 55-30-62; Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

2018.12.11
2018.12.11
  • Қаз
  • Рус
  • Eng