Жас буын ізбасарлар

2018 жылдың 14 қарашасында «АлЭС» АҚ қызметкерлерінің балалары арасында 6 рет өткен сурет байқауының нәтижесі бойынша марапаттау рәсімі болып өтті

Жас буын ізбасарлар

2018 жылдың 14 қарашасында «АлЭС» АҚ қызметкерлерінің балалары арасында 6 рет өткен сурет байқауының нәтижесі бойынша марапаттау рәсімі болып өтті. Конкурсқа түрлі жанр мен техникада орындалған 78 сурет келіп түсті. Барлық жұмыстар жас және тақырыптық категориялар бойынша бөлінді.

image002image003

Ұсынылған суреттер авторларының арасында жеңімпаздарды анықтау үшін конкурстық комиссия құрылды. Балалардың барлық суреттері арнайы стендтерге ілінді.

image004

- Ұсынылған суреттерге қарасаң балалардың мейірімді және бақытты әлеміне енгендей боласыз. Әр суреттің мен үшін орны да жөні де бөлек, себебі ол расында да бүлдіршіндердің ішкі жан сарайындағы жылулық пен шуаққа толы. Балалардың шығармашылығы шынайылығымен таңдандырады», - деп өз ойымен бөлісті Адам ресурстары басқармасының бастығы Дария Шайжанова. - «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасында балалар суретінің конкурсында «Менің Отаным - Қазақстан» номинациясы бойынша біздің балаларымыздың жұмысы жүлделі орындарға ие болғанын мақтан тұтамыз. Бірінші орынды Дарья Кулинич (13 жаста) иемденді, ол 2-ЖЭО сорғы қондырғыларының машинисі Наталья Кулиничтің қызы. Екінші орынды 3-ЖЭО бу турбиналарының машинисі Алексей Орловтың қызы Влада Орлова иемденді.

Қыздар «Самұрық –Энерго» АҚ дипломдарымен және құнды сыйлықтармен марапатталды.

image005

Байқауға қатысқан барлық жас суретшілер салтанатты түрде 1-ЖЭО марапатталды.

image006image007

2018.11.16
2018.11.20

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng