АлЭС тұлғалары: Крайнов Роман Юрьевич, «Алматы электр станциялары» АҚ Батыс жылу кешені жылу автоматикасы және өлшеулер цехының ЭКЕАЖ және ДТБЖ жөніндегі аға шебері

Мен Алматы қаласындағы №34 орта мектептің түлегімін. Нақты ғылымдармен байланысты жаңа пәндер пайда болған алтыншы сыныптан бастап мен электроника және физикамен байланыстының барлығына үлкен қызығушылық танытатын болдым

АлЭС тұлғалары: Крайнов Роман Юрьевич, «Алматы электр станциялары» АҚ Батыс жылу кешені жылу автоматикасы және өлшеулер цехының ЭКЕАЖ және ДТБЖ жөніндегі аға шебері

Мен Алматы қаласындағы №34 орта мектептің түлегімін. Нақты ғылымдармен байланысты жаңа пәндер пайда болған алтыншы сыныптан бастап мен электроника және физикамен байланыстының барлығына үлкен қызығушылық танытатын болдым. Әрине ол кезде энергетика туралы білетінім аз болды, алайда әрдайым құбылыстарды түбіне дейін зерттеп білуді қаладым.

Мен осы саладағы білімімді толықтыруға тырыстым. Мектепте алатын білім жеткіліксіз болғандықтан физика, электротехника және электроника туралы ақпаратты университеттер мен кәсіби мектептерге арналған әдебиеттерден қосымша оқитын болдым. Бұл менің құмарлығымды арттырып, танымпаздығымды күшейте түсті. Мектептегі оқу материалынан бөлек өз қызығушылығымның арқасында игерген, таныған, зерттеген, білген білімім кейіннен Алматы Энергетика және байланыс институты қабырғасындағы оқуымды едәуір жеңілдетті. 1996 жылы институтқа оқуға түстім. Таңдауым кездейсоқ болды десем де болады, яғни менің әпкем институтқа жақын тұратын. Бір күні екеуіміз өтіп бара жатып, қазандықтың басқару панелдерін көргенде, ол маған: «Осында оқуға түссеңші, өзіңе ұнайтын шамдар мен өлшеуіштер көп екен» деді. Осылайша таңдауым АЭжБУ «Жылу электр станциялары» мамандығына түсті. Факультет деканы Э.А.Сериковтың жетекшілігімен және тәлімгерім, сүйікті оқытушыларым В.Д.Огай, А.А.Кибарин, А.А.Генбах секілді көптеген тамаша ұстаздардан дәріс алдым.

image002

2001 жылы Батыс жылу кешеніне жылу автоматикасы және өлшеулер цехының бағдарламалық қамтамасыз етуші инженері болып жұмысқа қабылдандым. Алғашында 2 - ЖЭО - ға бардым, бірақ сол уақытта бос орын жоқ болды. Демек, еңбек жолымды БЖК- дан бастау керек болып тұрған ғой. Шындығында, дәл осындай бетбұрыс болғанына еш өкінбеймін. Ұйымшыл және мейірімді әріптестер, оған қоса шығармашыл болу және білгеніңді одан әрі дамыту мүмкіндігінің бары ерекше ұнады. Әрине жұмысыма деген қызығушылығымның еселене түсуіне, күрделі технологиялық проблемаларды кешенді түрде қарастырып, оның жаңа инновациялық шешімдерін табу, технологиялық операциялар мен процестерді автоматтандыруды дамыту, оңтайлы шешімдер іздеу, танымпаздық, шығармашылық таныту сияқты іскерлік қасиеттерімнің пайда болып, шыңдалуына тәлімгерім Николай Афанасьевтің ықпалы зор болды.

Николай Васильевич екеуміздің жетістіктеріміз:

  • Департамент серверлерінде «VMware vSphere» виртуалдандыру жүйесін енгізу, осы арқылы серверлер санын қысқарттық және олардың мүмкіндіктерін кеңінен қолданатын болдық, сонымен бірге істен шығуын азайтып, платформаға тәуелсіз болуына қол жеткіздік;
  • Object Pascal» тілінде «құрылымдалған сұранымдар тілі» көмегімен отынды өңдеу мен жағуды бақылау бағдарламасын «зерттеу және енгізу»;
  • RISC-архитектурасы микроконтроллерлерінің құрылымын зерттеу, олардың негізінде төрт тактілі іштен жану қозғалтқышын цифрлы басқару жүйесі жасалды және енгізілді. Атқарылған осы жобаның нәтижесінде ІЖҚ отын көлемі азайтылды;
  • Санды бағдарламалық басқару білдегінің жобасы жасалды, сызбалардың барлығы САПР бағдарламалық кешенінде жобаланды, конструкциялардың серіппелі аймақтағы беріктігі есептелді, меншікті тербеліс жиілігі анықталып, қажу кернеуі талданды және конструкциялардың ресурсына анықтау жүргізілді. Жасалған жоба бойынша біз 3D кеңейтілген басып шығару функциялары бар білдек жасап шығардық.

image003

Мамандығымның күрделілігін ескере отырып, жаңа инновациялық технологиялар жайлы білуге, оларды талдап, керектісін пайдалануға тиіспін, бұл мені ләззатқа кенелтеді. Менің хоббилерімнің бірі элементарлы бөлшектердің физикасын зерттеу: кванттық әлемнің жаңа тұжырымдамалары, іргелі өзара әрекеттесулердің стандартты моделінің құрылысы.

image004

Энергетика саласында жұмыс істегеніме 17 жыл болыпты, биылғы жылы құрмет демалысына шыққан өзімнің ұстазым Николай Васильевич Афанасьевтің орнын басқанымды аңғармаппын. Қазір мен электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған диспетчерлік және технологиялық басқару жүйелерінің аға шеберімін (ЭКЕАЖ және ДТБЖ), жас мамандарға тәлім-тәрбие беремін.

image005

2018.11.08
2018.11.14
  • Қаз
  • Рус
  • Eng