Туристің арманы: "Богатырь» кенішінің шолу алаңы

Құс ұшқан биіктен карьерге көз тастап, ашық аспан астындағы музейде болуға қала тұрғындары мен қонақтарының көбі ынтық.

Туристің арманы: "Богатырь» кенішінің шолу алаңы

Австрия тұрғыны Антон Гляйхвайт Екібастұз кәсіпорындарының бірінде жабдықты іске қосу бойынша шеф-монтаждаушы болып жұмыс істейді. Жұмыстан қолы бос уақытта Екібастұзбен және қала төңірегімен танысады. Бірде ол «Богатырь» кенішінің шолу алаңында болып, ашық аспан астындағы техника музейін тамашалап қайтты. Көзбен көргені Антон Гляйхвайтқа ұнады.

«Шолу алаңына экскурсия ұйымдастыруға көмектескені үшін «Богатырь Көмір» компаниясының әлеуметтік даму басқармасына алғыс білдіремін. Жұмыс бабымен көптеген кәсіпорындарда болдым, дегенмен, мынадай алып карьерді көріп, бойымды қорқыныш сезімі биледі, - деп әсер бөлісті Австриялық қонақ.

Өндіріс ошағының ғаламат ауқымын шолу алаңында тұрып сезінесің. Оның жанындағы ашық аспан астындағы музейде ескі карьерлік техника жиналған. Бұл нысанды Екібастұздағы көз тартатын басты нысандардың бірі деп атайды.

Марина ПОНКРАТОВА

Фото «Богатырь Көмір» компаниясы әлеуметтік даму басқармасының архивінен алынған.

2018.11.06
2018.11.06
  • Қаз
  • Рус
  • Eng