Сату процестерін орталықтандыру үшін Сауда үйін түрлендіру

«Самұрық-Энерго» АҚ-да сату процестерін және трейдингті ендіру бойынша Трансформациялау жобасы аясында Сауда үйін жаңғырту бойынша жұмыстар басталды.

Сату процестерін орталықтандыру үшін Сауда үйін түрлендіру

Сауда үйі (СҮ) пилоттық нысанда 3 жыл бұрын құрылды және Самұрық-Энергоның Корпоративтік орталығында орналасады. Оның жұмысының тімділігін сатуды орталықтандыру арқылы арттыру жоспарланады. Жаңа операциялық модель әзірленді, оны Басқарушы комитет алдында жоба жетекшісі Марат Ұлданов таныстырды. Ол СҮ жұмысының жаңа тәсілдерін таныстырды, мақсаты – компанияға мейілінше табыс әкелу. «Жоба 2021 жылға дейінгі кезеңде шамамен 5 миллиард теңге ақша табуды жоспарлайды. Қазіргі таңда бір миллиард теңгеден аса алынды», - деп атап кетті жетекші.

СҮ негізінде сату бөлімін және диспетчерлеу бөлімін құру жоспарланады. Оның есебінен алты ЕТҰ-ның сауда қызметін толық орталықтандыру болжанады. Жаңа операциялық модельге сәйкес режимдерді және тәуліктік графиктерді басқару, эспорттық жеткізілімдер, KEGOC-пен, ЭҚРҚО-мен және басқа да құрылымдармен өзара іс-қимыл жасау КО деңгейінде жасалады.

Жобалау командасы басқаруды орталықтандыру арқылы ЕТҰ-ларды оңтайлы жүктеуге қол жеткізуге мүмкін болатынына сенімді. Өйткені ескі модель олардың арасындағы бәсекелестік мүмкіншілігін ескерген жоқ.

«Онлайн» режимінде қуат саудасына орталықтандырылған қатысу әрбір ЕТҰ-ның мейілінше көп табыс алуына, сондай-ақ олардың қуат нарығына қатысу тиімділігін арттыруға ықпал ететін басқарушылық дұрыс шешімдерді жедел қабылдауды қарастырады», - деп атап өтті Марат Ұлданов.

Серіктес-әлеуетті клиенттердің мүдделілігі маңызы зор фактор болып табылады. Жобалау командасы түрлі маркетингтік ұсыныстарды қамтитын өнімдер мен қызметтер топтамасын әзірледі. Олардың ішінде барынша көп тапсырыс берушілерді тарта алатын квоталар, жеңілдіктер және басқа да акциялар бар.

Анна Жекенова

2018.11.05
2018.11.05
  • Қаз
  • Рус
  • Eng