Екібастұз көмірі – еліміздегі жылу маусымына

Екібастұздағы «Богатырь Көмір» ЖШС-ның кеніштерінде а.ж. 9 айда жоспарланған 29 778 мың тоннаның орнына 32 556 мың тонна көмір өндірілді.

Екібастұз көмірі – еліміздегі жылу маусымына

Екібастұздағы «Богатырь Көмір» ЖШС-ның кеніштерінде а.ж. 9 айда жоспарланған 29 778 мың тоннаның орнына 32 556 мың тонна көмір өндірілді. Осы орайда компания бүгінге дейін 32 869 мың тонна көмір жөнелтті, бұл жоспарланған көлемнің 110 процентін құрайды.

«Самұрық-Энерго» электр энергетикасы холдингі мамандарының сөзінше, тиелген көмірдің 80 процентке жуығы электр энергиясы мен жылу өндіру үшін республиканың энергия өндіретін кәсіпорындарына жіберілген.

Бұдан тыс, «Богатырь Көмір» қатты отынды коммуналдық-тұрмыстық мұқтажды өтеу үшін жөнелтеді. Бұл жерде сөз ауылдық елді мекендердегі, екібастұз көмірі паспортта көрсетілген отын болып табылатын, ұсақ қазандықтар туралы болып отыр. Олар бойынша коммуналдық-тұрмыстық көмірді (КТК) тиеп-жөнелтудің 1 000 000 тонна жоспары ағымдағы жылғы 25 қыркүйекте орындалып қойды. Осы уақытқа қарай жеткізу көлемі 1 037 мың тоннаны құрады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы тұтынушыларға 1 398 551 тонна көлемінде КТК жөнелтілген болатын.

Бүгінгі күнге қарай көмір өндіруші компания 2018-2019 жж. жылу маусымына дайындық аясында тапсырыс берушілердің барлық сұранысын орындады.

Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін бүкіл көмірдің 60 проценті және Қазақстан Республикасында өндірілетін көмірдің жалпы көлемінің 40 проценті «Богатырь Көмір» ЖШС-ның үлесіне тиесілі. Компанияның негізгі тұтынушылары қатарында қазақстандық компаниялар: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, Алматы және Степногорск ЖЭО, «Қарағанды Энергоорталық» ЖШС (ЖЭО-1, ЖЭО-3), «СевКазЭнерго» АҚ, «Астана-Энергия» АҚ (ЖЭО-1, ЖЭО-2), «Көкшетаужылу» МКК, «Павлодарэнерго» АҚ, «Bassel Group LLS» ЖШС (Теміртау қаласы), сондай-ақ ресейлік компаниялар: Рефтинск, Троицк ГРЭС-тері бар.

«Богатырь Көмір» ЖШС-ні «Самұрық-Энерго» АҚ мен ресейлік «РусАл» БК тең негізде басқарады. Компания Қазақстанның Павлодар облысындағы «Богатырь» және «Северный» кеніштерінде көмірді ашық әдіспен өндіреді. «Богатырь Көмір» ЖШС-ның баланстық қоры 2,75 миллиард тоннаны құрайды. Кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына 42 млн. тонна көмір өндіру, соның ішінде «Богатырь» кеніші бойынша – 32 миллион тонна, «Северный» кеніші бойынша – 10 миллион тонна.


«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі. 2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.

2018.10.23
2018.10.23

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng