«Самұрық-Энерго» АҚ холдингінде тәуекелдерді басқарудың жаңа жүйесін құру жоспарланады

Нұсқаушы кеңесте Трансформациялау жобасы ұсынылды, осы іске асыру «Самұрық-Энерго» АҚ холдингінде тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

«Самұрық-Энерго» АҚ холдингінде тәуекелдерді басқарудың жаңа жүйесін құру жоспарланады

Тәуекелдерді басқарудың жаңа моделін ендіру жөніндегі жобаның демеушісі, Тәуекелдер және құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор Мәлік Сәулебай жобалау командасының жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті. «Жобаның мақсаты алдағы уақытта тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін жетілдіруді, сондай-ақ үздіксіз қызметті қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құруды білдіреді. Біз нәтижеге қол жеткізу үшін құрылған және соны көздейтін команданың қатысатынына сөз береміз».

Жоба басшысы «Тәуекел Менеджменті және Ішкі бақылау» департаментінің директоры Руслан Әлмусин жобаның консультанттарды тартпай-ақ, өз күшімен іске асырылатынын атап кетті. Жоба екі жылға есептелген және екі толқынға бөлінді. 2019 жылдың аяғына қарай іске асыру көзделіп отырған бірінші толқынның ұйымдастырушылық периметріне КО және «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС кірді. 2020 жыл бойына жоспарланған екінші толқын «Шардара су электр станцияы» АҚ-ны, «Мойнақ су электр станциясы» АҚ-ны және «Алматы электр станциялары» АҚ-ны қамтиды.

«Жобаның пайдасы сапалы. Ең алдымен – бұл «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының корпоративтік басқаруға тәуелсіз диагностика жүргізу қорытындылары бойынша тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі тиімділік рейтингін арттыруына қол жеткізу», - деп атап көрсетті.

Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директор Евгений Цой компания үшін жобаның маңыздылығын атап өтті. Ол тәуекелдерді басқару жүйесі жалпы корпоративтік басқарудың негізгі компоненті болып табылатынын атап өтті. Тәуекелдерді уақытылы анықтау және олардың деңгейін азайту бойынша тиімді шараларды қабылдау компанияның құны мен беделіне тигізетін теріс әсердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Анна Жекенова

2018.10.15
2018.10.22
  • Қаз
  • Рус
  • Eng