Оңтүстік астанадағы «жоғары кернеу»

«Самұрық-Энергоның» қызметкерлері Алматы жартылай марафонында мәреге қалай жетті

Өздерінің күшін сынап, спорт мерекесінің көңіл-күйін сезінуге энергия холдингінің еншілес компаниялары – «Алатау Жарық Компаниясының», «Алматы электр станцияларының», «АлматыЭнергоСбыттың» және «Самұрық-Энерго» Корпоративтік Орталығының қызметкерлері шешім қабылдады.

foto 1

Алматыда таң атқалы бері ауа райы қобалжып, аздаған қар ұшқындап тұрды. Бірақ бұл жарысқа қатысушыларды тоқтата алмады. «Самұрық-Энергоның» қызметкерлері өткен жылы ұйымдастырған «Жоғары кернеу» атты жүгіру клубының кейбір мүшелері үшін Оңтүстік астанадағы бұл жарыс алғашқы емес – олардың кейбірі Алматы марафонында бұған дейін күш сынап қайтқан болатын.

foto 2

foto 3

Спортпен белсене айналысып жүрген қызметкерлердің бастамасын бұл жолы экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор Ерлан Әлиев қолдап, оның өзі 10 шақырымдық қашықтыққа жүгіруге тіркелді.

foto 8

foto 42

Соңғы дайындық және жарыс алдында суретке түсу. Энергия холдингінің өкілдері жарыс сөресіне жақындады, бұл жерде 10 және 21 шақырым қашықтықты бағындыруға бел буған 4 мыңнан астам адам жиналыпты.

foto 11

foto 12

foto 14

Жарысты әуелі 10 шақырымға тіркелген желаяқтар бастады, сәлден кейін олардың легіне жартылай марафоншылар қосылды.

foto 19

foto 22

foto 20

foto 16

Мәре сызығына жеткендерді ыстық шаймен және концерттік бағдарламамен күтіп жатты. Топ жарғандардың бәрі «Алматы жартылай марафонының» медалына ие болды.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС корпоративтік даму басқармасының басшысы Татьяна Анафина үшін бұл көпшілікпен бірге жүгіріп, ерекше әсер қалдырған алғашқы жарыс болды.

«10 шақырымды жүгіріп өттім, бастапқыда ептеп қиналғанмен, кейін үйреніп кеттім. Оның үстіне, қасыңда әріптестерің болғаны қандай жақсы, сондықтан өте қуаныштымын. «Самұрық-Энерго» мен «АлматыЭнергоСбыт» ұжымына қолдау білдіргені үшін рахмет», – деп әсерімен бөлісті Татьяна Анафина. Оның сөзін өмірінде алғаш рет 10 шақырым қашықтыққа жүгірген «Алатау Жарық Компаниясының» инженері Алтынай Серенова да қоштады. «Көрсеткен уақытым - 56 минут, бұл мақтануға тұрарлық нәтиже – деді Алтынай. – Мені мұнда әріптестерім шақырды. Олар жарыс кезінде көтеріңкі көңіл-күй орнайды, әр адам өмірінде бір рет болса да алыс қашықтыққа жүгіруге тиіс дейді».

foto 34

«Самұрық-Энерго» АҚ «Корпоративтік басқару және тұрақты даму» департаментінің бас менеджері Ойрат Махметов «Алматы жартылай марафонында» 10 шақырым жүгірді. «Жоғары кернеу» жүгіру клубында ол жүгіру техникасын нөлден бастап игерді, бүгінде Астана марафонына қатысу тәжірибесі бар.

«Елордада тегіс жермен жүгіресің, ал Алматыда біресе еңіске түссең, біресе өрге ұмтыласың. Бұл ағзаға қосымша салмақ түсіреді, оның үстіне мұнда ауа қысымы жоғары. Тұтас алғанда, іс-шара жақсы ұйымдастырылған, – деп салыстырды Астана тұрғыны Ойрат Махметов. – Менің ойымша, бұл жартылай марафон дәстүрге айналады, өйткені 42 шақырымдық марафонды жүгіру кез келгеннің қолынан келе бермейді. Ал 10 және 21 шақырымды жүгіруге талапкерлер көп-ақ. Бізде, «Самұрық-Энергода», жүгіру клубы ұйымдастырылған, сол себепті командамыз жақсы нәтиже көрсетті, командалас әріптестерім марафондардың бәріне қатысуға тырысады.

Спорттық іс-шаралардың белсенді қатысушысы – «Самұрық-Энерго» АҚ Жоба офисінің жоба менеджері Дәурен Сағидолла биыл Алматының өзінде екі рет жүгіруден жарысқа қатысты.

foto 18

Ол «Жоғары кернеу» жүгіру клубын ұйымдастырушылардың бірі және әріптестерінің жүгіру алаңына жиналуына өзі үлгі болуда.

«Алматыдағы трасса біршама күрделі әрі қызықты. Бүгінгі қашықтықты бізбен бірге «Самұрық-Энерго» басшыларының бірі – Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор Ерлан Әлиев жүгіріп өтті. – Оның қасымызда болғаны бізге қолдау болды, сол үшін оған үлкен рахмет. «Самұрық-Энерго» холдингінің барлық қызметкерлерін бізге қосылып, жарыстардың бәріне қатысуға шақырамын», - деп Дәурен Сағидолла Алматы жартылай марафонының нәтижесін бағалай отырып.

foto 32

«Самұрық-Энерго» АҚ «Активтерді қайта құру және сату» департаментінің бас менеджері Лаура Жұпанхан бұған дейін Астана жартылай марафонына қатысып көрген. Алматыдағы қашықтық ол үшін кезекті бір сынақ болды: «Алматыда алғаш рет жүгіруім. Ұйымдастырушылар жақсы әрі қызықты бағытты ұсынған – жол біресе төмен, біресе жоғары шығады. Әрбір жүгіру – мен үшін орындалуға тиісті ішкі челлендж. Әріптестеріңмен қатарласа жүгіру жан дүниеңді ерекше сезімге бөлейді, ал спортта компания басшылығы да қолдайтынын білсең, бойыңа қанат бітеді».

foto 26

«Жоғары кернеу» клубының 21 шақырым қашықтыққа тіркелген жалғыз қатысушысы – «Самұрық-Энерго» АҚ «Активтерді қайта құру және сату» департаментінің директоры Еркін Акенев. «Самұрық-Энерго» КО спорт қоғамының идеялық дем берушісі жүгіру маусымы жақсы аяқталуда деп санайды.

foto 39

«Бұл менің Алматыдағы екінші жартылай марафоным. Көктемгімен салыстырғанда нәтижемді ептеп жақсарттым. Тұтас алғанда, жүгіру маусымы ойдағыдай аяқталуда. Клубтың мүшелері алдына қойған мақсаттарына неғұрлым толық қол жеткізуге, жүгірумен байланысты спорттық ивенттердің бәріне қатысуға күш салды. Біздің «Жоғары кернеу» жүгіру клубымыз жақсы нәтиже көрсетті, бәрі әлі алда, келер маусымды дәл осылай табысты бастаймыз. Спортпен айналысыңыздар!», - деді Еркін Акенев жартылай марафонның мәресіне жеткеннен кейін.

foto 43

foto 41

Күзгі «Алматы жартылай марафоны» алғаш рет өтіп, Қазақстанның түпкір-түпкірінен және шет елдерден келген 4000-нан астам қатысушылардың басын қосты.

foto 9

Дамир Айдаров

Автор сұреті

2018.10.17
2018.10.22
  • Қаз
  • Рус
  • Eng