«АлЭС» келбеті: «Энергоремонт» ӨЖК аға ұстасы Александр Ерилов

«АлЭС» келбеті: «Алматы электр станциялары» АҚ «Энергоремонт» өндірістік-жөндеу кәсіпорнының аға ұстасы Александр Викторович Ерилов

«АлЭС» келбеті: «Энергоремонт» ӨЖК аға ұстасы Александр Ерилов

Мен Алматы индустриалдық техникумын «Өндірістік жабдықтарды және автоматтандырылған желілерді монтаждау және жөндеу» мамандығы бойынша бітірдім, сол жерде қосымша тағы бір мамандық алдым. Өзіміздің шеберханамыз, станок паркіміз болды. Біздер бұрғылау станоктарын шығаратынбыз. Мұндай станоктар өндіріс орындарының көбінде кездеседі. Менің тіпті 3-дәрежелі токарь деген куәлігім де бар. Одан бері де талай уақыт өтті ғой...

image002

Қазақ политехникалық институтын, университетін емес, кешке оқып жүріп аяқтадым. Кеңес дәуірінде оқудың мұндай түрі де болған. Қыйындау әрине, бірақ бәрібір қызық еді. Күндіз жұмыстасың – кешке оқуға барасың. Мұнда керісінше, практикалық тәжірибең теориямен дәлелденіп, ал кейде сол теория арқылы мәні ашыла түсетін.

image003

Алғашқы дербес компьютерлер пайда болды. Алып ЭЕМ, жазу машинкалары, кульмандар тарих қойнауына кете бастады... Іс жүргізу басқа жолға түсті. Әлі есімде, Серік Сүйінбекұлы Түйтебаев Алматы ЖЭО-2-нің директоры болған тұста, ол техникалық құжаттаманы рәсімдеуді стандарттау міндетін алдына қойған алғашқы басшылардың бірі еді. Құжаттарды рәсімдеудің регламенті әзірленіп, қандай шрифтпен жазылуы, қанша шегініс жасалуы, колонтитулы және т.б. болуы керек екені көрсетілді.  Қолынан келгенше ол бүкіл цехтар мен бөлімдерді компьютермен жабдықтауға тырысатын. Солардың ішінде өндірістік-техникалық бөлім оның айрықша назарында болатын. Конструкторлық топ өздерінің  ең қуатты копьютерлері мен экраны ең үлкен мониторларымен мақтана алатын.

ЖЭО-2 станциясына мен 1986 жылы жұмысқа орналастым.  Жылу автоматикасы және өлшеу цехына, АРЖ тобына (автоматтандырылған реттеу тобына) 4-дәрежелі электр слесарі болып. Ол жерде ұста әйел кісі – Зинаида Николаевна Сергеева еді. Басында бұған таңырқайтынмын. Кейін түсінсем, ол өз ісінің кәсіпқой шебері екен. Ол кездері, станция енді салынып жатқанда, персоналды бүкіл Кеңес Одағынан шақыратын. Адамдар Ресейден де, Украинадан, Түркіменстаннан, Қырғызстаннан да, Қазақстанның өзге қалаларынан да келіп жатты. Олардың бәрі де өз ісінің кәнігі шеберлері еді. Энергетика министрлігі адамдарды баспанамен, балаларға арналған мекемелермен, жеңілдіктермен қамтамасыз ететін. Өз кезегінде адамдар да іске беріле кірісетін. Менің мұнда түсінгенім, энергетик – мамандық емес, бұл – диагноз. Әзіл ғой.

Менің жолым болды. Айналамдағылардың бәрі де кәсіпқой шеберлер, жаны жайсаң жандар еді. Бұл – цех бастығы Серго Сисенбайұлы Сисенбаев, оның орынбасарлары Владимир Алексеевич Сергеев, Анатолий Петрович Сухушин, топтың ұсталары Владимир Мартынов, Зинаида Николаевна Сергеева, Виктор Романтеев, кезекші электр слесарлері Иван Иванов, Евгений Орехов, Франк Кисс және өзгелер. Астамсыну, жатсыну деген болған емес, тек қана ақыл-кеңес беріп, өз ісімен үлгі көрсететін.

Станцияның штатында мен 1995 жылға дейін жұмыс істедім, АРЖ тобының ұстасы атандым. Тоқсаныншы жылдардың ортасында елімізде күрделі өзгерістер болып жатты ғой: кәсіпорындар жабылды, жекешелендіру, меншікті қайта бөлу секілді құбылыстар белең алды... Өлшеу және автоматика құралдарын жөндейтін негізгі мердігер – «ЮжКазЭнергоРемонт» кәсіпорны тарқалып кеткендіктен, біз Геннадий Иванович Бондиков екеуміз, сол тұста ол  ЖЭО-1 «Энергоремонт» ӨЖК жылу автоматикасы және өлшеу учаскесінің басшысы болатын, ЖЭО-2-нің Жылу автоматикасы және өлшеу учаскесін ұйымдастыруды шештік. «АлматыЭнерго» басшысы Торламбаев В.С., ЖЭО-2 директоры Календарев А.Н. біздің ұсынысымызды қолдап, жұмысты бастадық. Сөйтіп, керекті қызметкерлер іздеуге кірістік. Тағы да жолым болды. Энергетиканы өзінің кәсібіне балайтын адамдар келді. Данат Хафизов Мәскеу энергетика институтын, Виталий Советников Томбының политехникалық институтын бітірген. Екеуі де бұған дейін КазНаладкада жұмыс істеп, Екібастұзда және Қазақстанның өзге де өңірлерінде автоматтандырылған реттеу жүйелерін құрастырумен айналысқан. Константин Панин, Юрий Мантатов «ЮжКазЭнергоРемонт» кәсіпорнынан, Венера Десятникова монтаждау-баптау басқармасынан келді. Міне осындай шеберлермен бірге «Энергоремонт» ӨЖК туы астында жұмысты бастадық. Ұжымымыз өте ұйымшыл, тату болды. Қай кезде де бір-бірімізге көмекке келетінбіз.  

image005

Жиырма үш жылдан бері көп нәрсе өзгерді. Кәсіпорын қайта аталып, жаңа мамандар келіп-кетіп жатты. Бірақ, ұжымда сол адамдар негізін қалаған сыйластық сезімі өзгерген емес. 

2018.10.09
2018.10.17

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng