«Богатырь Көмір» АҚ-да Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы талқыланды

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылауға арналған қала активінің жиналысы

«Богатырь Көмір» АҚ-да Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы талқыланды
«Богатырь Көмір» АҚ-да Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы талқыланды

«Богатырь Көмір» компаниясының бас директоры Рүстем Сансызбаев Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылауға арналған қала активінің жиналысында сөз сөйледі. 

Жолдау бойынша өзінің баяндамасында кәсіпорын басшысы Елбасының таңдаған бағытын кеншілер қолдайтынын және іске асыруға жұмыла кірісетінін айтты.

Атап айтқанда, Рүстем Сансызбаев көмір өндірісін цифрландыру мәселесін қозғады. Цифрландыру – өнімділік пен бәсекеге қабілеттілікті арттырудың маңызды буыны болып табылады, соның нәтижесінде, ішкі жалпы өнімнің артуына ықпал ететін экспортты ынталандырудың қосымша құралына айналады.

- Кәсіпорын аумағында тау-кен көлік жабдығын жөндеуді жоспарлаудың, бақылаудың және басқарудың автоматтандырылған жүйесі енгізілген. Екі жылдың ішінде «Северный» кенішінде өнімділігі жылына 2,0 млн. тоннаға дейін болатын көмірді құрғақ байыту кешенін құру, сондай-ақ, заманауи спутниктік навигация жүйелерін пайдалану арқылы, тау-кен көлік кешенін диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу жоспарлануда. Компанияда тау-кен көлік жабдығын – экскаваторларды, технологиялық көлікті, бульдозерлерді, бұрғылау станоктарын кезең-кезеңімен жаңартудың 10 жылдық кезеңге арналған бағдарламасы қабылданды. Тұтас алғанда, өндірістік активтерді ұлғайтуға биылдың өзінде 25 млрд. теңгені инвестициялау көзделген, - деді Рүстем Сансызбаев. 

Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен алдағы жыл Жастар жылы деп жарияланбақ. «Богатырь Көмір» компаниясының бұл кезеңді өзінің төл жылы деп есептеуіне әбден негіз бар. Өйткені кәсіпорын басшылығы жас мамандарды қолдауға айрықша назар аударады. Жастардың «Богатырь Көмір» бірлескен қозғалысы бұл бағытта белсенді көмек көрсетуде.

Марина ПОНКРАТОВА

Фото Олег МАЛЬЧУКТІКІ.   

2018.10.10
2018.10.12

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng