«Богатырь Көмір» GGG-ді қолдау мақсатында жүгіру ұйымдастырды

Екібастұзда мыңнан астам салауатты өмір салтын ұстанушылар Геннадий Головкинді қолдауға шақырған үндеуге қосылды

«Сап түзе! Дайындал! Баста!» деп бұйрық берілді, алда – мәре сызығына дейінгі 2,5 мың метр. Мыңнан астам Екібастұздықтар үшін өткен жексенбі осылай басталды. Қаладан бастау алған спорттық марафон ұйымдастырушылардың ойынша республиканың бүкіл облыстарын қамтуы тиіс.

Қазақстандық атақты боксшы Геннадий Головкинді қолдау мақсатында, «Богатырь Көмір» компаниясының басшылығы мен Әлеуметтік даму басқармасы бірлесіп, өткізіп отырған күзгі жарысқа бойында патриоттық сезімі, күш-қайраты, жеңіске деген құштарлығы тасыған кез-келген адам қатыса алды.

foto1

Жарыстың басталу рәсіміне бокске, жүгіруге және белсенді өмір сүруге бейжай қарамайтын мыңнан астам қала тұрғындары жиналды. Келгендердің қатарында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің, Екібастұз тау-кен техникалық және медициналық колледждерінің оқушылары, «Богатырь Көмірдің» кеншілері, соның ішінде компанияның бас директоры Рүстем Сансызбаев, аппарат басшысы Дастан Жарқымбеков, техникалық директоры Ғалымбек Іргебаев, Әлеуметтік даму басқармасының бастығы Владимир Тюлин, бас энергетик Нұрлыбек Жұматаев және күрделі құрылыс бөлімінің бастығы Карен Айрапетян, ГРЭС-1-дің, «Нұр Отан» партиясы Екібастұз қалалық филиалының, ІІБ, мәдениет және спорт бөлімдерінің, Екібастұз қалалық орталық емханасының жұмыскерлері бар.

Марафоншыларды «Богатырь Көмір» бірлескен жастар қозғалысының белсенділері мен аниматор-аюлар өздерінің көтеріңкі көңіл-күйімен қанаттандырып, қолдап отырды.

Әркелкі жастағы жүгірушілер тобында GGG-ді қолдауға жиналған зейнеткерлерді де, ата-анасымен бірге келген балаларды да көруге болатын еді. Олардың қатарындағы ең жасы кішілері қашықтықты үш дөңгелекті көлікпен жүріп өтті.

foto 2

Ерлер арасында Богдан Иконников (БЖСМ-2) мәре сызығына бірінші, ал Александр Макаров (БЖСМ-2) екінші болып жетсе, Нұрланбек Солтан («Богатырь» кеніші) үшінші нәтиже көрсетті. Әйелдер арасында "алтынды" – Нелли Келлер (БЖСМ-2), «күмісті» Анна Дубинина (БЖСМ-2), "қоланы" – Вероника Рембольдт (медициналық колледж) иеленді.

foto 5

foto 4

Жүгірушілердің арасындағы ең жасы үлкені – жетпістегі Петр Дячук, ең кішісі – он екі жастағы Даниил Цвиг. Бұл марафоншылар да жарыс жеңімпаздарымен бірге ақшалай сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

foto 3

Спорттық іс-шара Богатырь Жүк тиеу-көлік басқармасы тартқыш агрегат машинистінің көмекшісі Тимур Төлеубаевтың «Геннадий Головкинді қолдайық» атты авторлық әнімен және жарыстың ең басты ауыспалы рәмізін – марафон картасының гравюрасын GGG-ді қолдауға арналған спорттық жарыстар өтетін кезекті қалаға – Түркістан облысының Түркістан қаласына тапсырумен аяқталды.

Марина ПОНКРАТОВА

Фото Олег МАЛЬЧУКТІКІ

2018.10.09
2018.10.11

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng