«Самұрық-Энерго» АҚ-да БЖЖ-ны ендіруден түскен пайда – 125 млн теңге

«Самұрық-Қазына» АҚ портфельді компанияларының жобалау командалары Трансформациялау бағдарламасы аясында БЖЖ жобаларын іске асыру жай-күйін талқылады.

«Самұрық-Қазына» АҚ трансформациялау, жекешелендіру және қайта құрылымдау жөніндегі басқарушы директоры Нұрлан Рахметов кездесуді аша отырып, БЖЖ Қор үшін Трансформациялау бағдарламасының алғашқы бастамасы аясындағы үш басым жобаның бірі екенін атап өтті.

1

«Біз белгілі бір стандарттарға үйреніп қалғанбыз, «қорапты» жобаларды енгіземіз. Ал мақсатымыз – көшбасшы болу, сондықтан серпілісті тәсілдерді қолдану қажет, ал бұл дегеніміз – басқалар жасамайтын нәрселер. БЖЖ – нәтижеге негізделген ерекше жоба, мұнда біздің адамдарды трансформациялау жөніндегі тақырыбымыз тым жаңа технологияларды ендірумен байланысты. Әрине, әр портфельдік компанияның ерекшелігі мен тапсырыс берушінің пікірін ескеру қажет, бірақ, қиындықтарға қарамастан, БЖЖ-ны ендіру бойынша нәтижелерге қол жеткізу қажет».

2

Самұрық-Энерго холдингі алаңында өткен талқылауға «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазпошта» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өкілдері қатысты.

3

Портфельдік компаниялар автоматтандырылған жүйені игеру саласындағы жетістіктерін бөлісті. «Самұрық-Энерго» АҚ-да БЖЖ жобасын ендірудің бірегейлігі орта мерзімді жоспарлау кезеңінде электр энергиясы мен көмір өндіру саласында мақсаттар қою мен оны дамыту сценарийлерін қалыптастыруында.

4

«Компаниямыздың операциялық холдинг ретіндегі міндеті кәсіпорынды дамытудың оңтайлы сценарийін қалыптастыру мен ашықтыққа қол жеткізу мақсатында дұрыс деректерді пайдаланатын НҚК-нің жетістіктерін жоспарлау», - деп атап көрсетті жоба демеушісі Серік Түйтебаев.

Жоба периметріне 5 еншілес және тәуелді ұйым кірді, олар: «Шардара СЭС» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС және «Мойнақ ГЭС» АҚ – ағымдағы жылы жобаның бірінші фазасына қатысушылар. Жоба жетекшісі Руслан Құсайынов жүйе қазірдің өзінде нәтиже беріп жатқанын айтты, олардың арасында энергия блоктарын оңтайлы жұмыс режиміне көшіру, өндіру режимін сұраныс циклдарымен келісу, оңтайлы жөндеу бағдарламаларын құру және т.б. 2017 жылы БЖЖ протопипін ендіруден 125 млн теңге пайда ала алдық.

5

Жобалау командаларының БЖЖ-ны іске асыруды қызу талқылауы ынтымақтастықты нығайтуға және алынған нәтижелер мен тәжірибені әрі қарайғы жұмыста ескеруге мүмкіндік береді.

2018.09.27
2018.10.09
  • Қаз
  • Рус
  • Eng