«Самұрық-Энерго» - әрбір қимылдағы энергия!

2018 жылғы 14 қыркүйекте, жұма күні, Назарбаев Университетінің спорт кешенінде «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының Кубогі үшін «Самұрық-Энерго» компаниялары тобының қызметкерлері арасында V Спартакиада өтті.

«Самұрық-Энерго» - әрбір қимылдағы энергия!

Спартакиаданың ашылуында жарысқа қатысушыларды Еңбек сіңірген спорт шебері, 1999 жылғы әлем чемпионы, 1996, 2000 жылдардағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Болат Жұмаділов құттықтады.  

      Спартакиадада мини-футбол, волейбол, үстел теннисі, армреслинг және шахмат секілді спорт түрлерінен жүлделер ойнатылды. Сайысқа 9 команда қатысты, олардың қатарында: «Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік орталығы, «АЖК» АҚ, «АлЭС» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Мойнақ СЭС» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС,«ЕГРЭС-2 ст» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС және ВИЭ сервис секілді командалар бар.

    Спартакиадаға қатысушылар күні бойы өздерінің күш-қайратын, спорттық шеберлігін, командаларының ұйымшылдығын көрсетіп, осы спорт түрлерінен жүлделі орын үшін бақ сынасты.

Нәтижесінде «Богатырь Көмір» командасы өздерінің басымдығын танытып, жалпы командалық есепте бірінші орынды, сондай-ақ мини-футболдан алтын медалды және волейболдан күміс медалды иеленді. Жалпы командалық біріншіліктің жүлдегерлері тізіміндегі екінші орынды Алматы энергия кешенінің командасы  - «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ иеленсе, үшінші орын Екібастұздық энергетиктерге - «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС командасына бұйырды. Шахматтан жарыста көзге түскен «Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік орталығының қызметкері Н. Балтабаев ерлер арасында бірінші орынды жүлделеді, әйелдер арасында  «АЖК» АҚ командасының ойыншысы Д.Көбегенова озық шықты. Үстел теннисінде ерлер арасында «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС ойыншысы  С.Тищенко (1 орын), әйелдер арасында  «Богатырь Көмір» ЖШС ойыншысы Е. Ережепова өздерінің жоғары шеберліктерін көрсетті. Армреслинг бойынша алтын медаль ерлер арасында 80 килограмнан жоғары салмақта «Богатырь Көмір» ЖШС-лік А. Сазоновтың, 80 килограмға дейін – С. Жылқайдардың («АЖК» АҚ), ал әйелдер арасында  65 килограмға дейін – М.Қаржынқұлованың («ЕГРЭС-2 ст» АҚ), 65 килограмнан жоғары салмақта -  К.Гринченконың («ЕГРЭС-2 ст» АҚ) қоржынында кетті.

Спартакиада «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлерінің салауатты өмір салтын ұстанып, спортты дәріптейтінін тағы да айғақтап, тұтас алғанда холдингтегі копроративтік қарым-қатынасты нығайта түсті.

Анықтама: «Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.  

2018.09.17
2018.09.17

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng