«Самұрық-Энерго» энергетика саласындағы кәсіби стандарттарды әзірлеуге қатысуда

«Самұрық-Энерго» АҚ мен Еуропа Қайта құру және Даму банкі инклюзивті экономика және Қазақстан жастарын дайындау сапасын стандарттау саласында бірлесіп жұмыс істеп келеді.

«Самұрық-Энерго» энергетика саласындағы кәсіби стандарттарды әзірлеуге қатысуда

«Самұрық-Энерго» АҚ Еуропа Қайта құру және Даму банкімен бірлесе отырып, «Қазақстанда жастарға жоғары деңгейде білім беруді жетілдіру және стандарттау арқылы экономикалық ықпалдасу» жобасын іске асыруда. Бірлескен жұмыс аясында екі кәсіби стандарт әзірленіп, дуалдық оқыту бағдарламасы әзірленіп, іске асырылады, сондай-ақ «көк жағалыларды» мансаптық жолмен өсіру бағдарламасы әзірленеді..

1

Банк жобаның барлық бағыттарын іске асыру мақсатында Ernst & Young компаниясының сарапшыларын тартып, олар 2018 жылғы 27-28 тамызда «Самұрық-Энерго» базасында энергетика саласындағы (ЖЭС, КЭС) «Жылу автоматикасы құралдары мен өлшеу құралдарын пайдалану және жөндеу», «Электр жабдықтарын күтіп-баптау, монтаждау және іске қосу» деп аталатын екі кәсіби стандартты әзірлеу бойынша жұмыс сессияларын өткізді.

2

Іс-шараға «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлері, білім беру секторының, кәсіби қауымдастықтардың өкілдері, сондай-ақ кәсіби стандарттарды әзірлеуші компаниялардың қызметкерлері қатысты. Іс-шараға Латвия Білім министрлігі кәсіптік білім беру департаментінің директоры Янис Гайгалс бас модератор болды.

3

Жұмыс сессиялары кезінде қатысушылар кәсіби стандарттарға арналған функциялар мен міндеттерді анықтау үшін функционалдық талдауды пайдаланды, сондай-ақ біліктілік деңгейлеріне қарай міндеттер сипаттамасын әзірледі. Әрбір қатысушы кәсіби стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмыс сессияларына қатысқандығы туралы сертификат алды.

4

«Самұрық-Энерго» компаниясы жұмыс берушілердің, білім беру ұйымдарының, кәсіби қауымдастықтардың Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мәселелері бойынша басын қосқан үндесу алаңына айналды. Біз қызығушылық танытқан тараптардың бәріне де бас қосып, салалық біліктілік шектерін және кәсіби стандарттарды әзірлеудегі Латвия сарапшыларының тәжірибесін көріп-білуге, қабылдап алуға мүмкіндік жасадық. Семинарға қатысушылар энергетика саласының мысалында функционалдық талдау бойынша практикалық тапсырмаларды орындады», - деп «Самұрық-Энерго» АҚ Адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Мәдина Айсариева жұмыс сессияларының қорытындысын түсіндірді.

5

2018 жылғы 4 тоқсанда энергия холдингі базасында үшінші жұмыс сессиясын өткізу жоспарланып отыр, оның барысында біліктіліктің әрбір міндеті мен деңгейіне жататын мамандықтардың карточкалары айқындалады.

6

Айта кетейік, «Самұрық-Энерго» АҚ мен Еуропа Қайта құру және Даму банкі арасындағы Кредиттік Келісім 2016 жылғы 9 желтоқсанда жасалған.

2018.09.06
2018.09.06

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng