«АлЭС» тұлғалары: Мещеряков Александр Викторович – Отын қабылдау және түсіру орталығы теміржол шаруашылығының аға шебері

«АлЭС» тұлғалары:  Мещеряков Александр Викторович – Отын қабылдау және түсіру орталығы теміржол шаруашылығының аға шебері

Мен энергетика саласындағы еңбек жолымды  1996 жылдың қазанында 1 ЖЭО отын - көлік цехының тепловоз машинисінен бастадым. Менің бірінші тәлімгерім жаңадан 1-ЖЭО  отын - көлік цехының  бастығы лауазымына тағайындалған Александр Маркович Боячук болды. Мамандығым өзіме ұнайтын, оған қоса теміржолда әлі қолданылмаған жаңа техникалар, тепловоздар  қызығушылығымды оятатын. Екі жыл бойы мен өз кәсібіме қатысты әдебиет тауын шағып, бұрын оқыған техникумым  мен университетімнің оқытушыларына барып, сұрастырып, ізденіс үстінде болдым. Нәтижесінде   дизельді локомотивтерді сауатты әрі тиімді пайдалану маған және менің әріптестеріме «күрделі» жылдары жазатайым жағдайларсыз, апатты оқиғаларсыз жұмыс жасауға көмектесті.

2

1998 жылы біздің «теміржол» қажеттеліктерімізге аса қажет «Отын қабылдау және түсіру орталығы» департаменті құрылды. Біздің департамент  энергетика саласындағы теміржол. Тепловоз машинисі ретінде жұмысымды жалғастыра отырпы, көбірек білуге, өнеркәсіптік теміржолшы білімі мен энергетиканы үйлестіре  жүріп, біліктілігімді арттыруға тырыстым.

3

2016 жылғы ақпан айынан бастап 1-ЖЭО –ны қайта құрылымдауға  және ҚР Еңбек кодексіндегі өзгерістерге байланысты қазіргі таңда жұмыс істеп жүрген 2–ЖЭО темір жол шаруашылығының аға шебері лауазымына ауыстырылдым. 2-ЖЭО –дағы жұмыс істеген жылдары жинақтаған мол тәжірибем  мен білімім   сақадай сайланып тұратын, кез келгеніне  иек артып, сене алатын,  білікті мамандардан құрылған слесір- жөндеушілердің ұжымымен тепловоз  паркіне техникалық қызмет көрсету мен жұмыс қалпын қамтамасыз ету сияқты  күрделі проблемаларды шешуде сенім берді. Сонымен қатар, уақыт талабын ескеріп, алға ілгерілеуді  сезіну үшін тиімді еңбек  және жаңа технологиялар саласындағы өз білімімді  жетілдіру керектігін де жақсы сезінемін.

4

5

Осы орайда маған қазіргі заман өмір қарқынын санамнан өткізуге, түсінуге көмектесетін, танымпаздығы мен ынтасының  арқасында жөндеулер технологиясына шағын жетілдірулер енгізу арқылы  жұмысшылар еңбегін едәуір жеңілдететін жастардан құрылған инженер - техникалық жұмыскерлер ұжымын айта кеткім келеді.

«АлЭС»  АҚ ұжымына озық өндіріс, апатсыз жұмыс, өркендеу  тілеймін.

6

7

2018.09.03
2018.09.03
  • Қаз
  • Рус
  • Eng