Энергетика министрлігі және «Самұрық-Энерго» республиканың шахтерлерін құттықтап, «Богатырь Көмір» ЖШС-ның үздік кеншілерін марапаттады

Энергетика министрлігі және «Самұрық-Энерго» республиканың шахтерлерін құттықтап, «Богатырь Көмір» ЖШС-ның үздік кеншілерін марапаттады

26 тамызда Қазақстанда Шахтер күні атап өтіледі. Мереке қарсаңында Энергетика министрлігінде үздік кеншілер мен көмір өнеркәсібінің ардагерлеріне – «Самұрық-Энерго» энергия холдингінің құрамындағы «Богатырь Көмір» ЖШС-ның өкілдеріне сый-құрмет көрсетілді.

Астанада өткен салтанатты жиналысқа Екібастұздан 28 адамнан құралған делегация келді. Салаға еңбек сіңірген қызметкерлерді ҚР Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақов пен «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Бақытжан Жоламанов жылы лебізбен құттықтады.

Министрліктің өкілі көмір өндіру саласының ел экономикасындағы маңызды рөлін, әрбір қызметкердің  республиканың энергетикасы мен өндірістік кәсіпорындарының тұрақты жұмыс істеуіне қосқан өлшеусіз үлесін атап өтті. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның басшысы өз кезегінде Екібастұздық кеншілердің сіңірген еңбегіне тоқтала келе, «Богатырь Көмір» ЖШС ағымдағы жылы 41 млн. тоннадан астам көмір өндіруді жоспарлап отырғанын айрықша атап өтті.  

Ардагерлер мен үздік кеншілер «Еңбек ардагері» медалымен, «Еңбек даңқы», «Шахтер даңқы», «Көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері» төс белгісімен, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ-ның және «Кazenergy» қауымдастығының құрмет грамоталарымен марапатталды.

Оразбай Махамбетов – осы іс-шараға қатысып отырған құрметті қонақтардың бірі. Ол – көмір өндіру саласында 36 жыл жұмыс  істеген, «Шахтер даңқы» төс белгісінің толық кавалері.

1

Шахтер күніне орай «Көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері» атағына ие болды. «Мен Кузбасста және «Богатырь» кенішінде проходчик болып жұмыс істедім. Шахтер болу – өте машақатты әрі қиын жұмыс, оны мойындау керек. Қазір зейнеттемін, осы кәсіпке өзінің ұзақ жыл өмірін арнаған ардагерлердің мүддесін қорғаймын», - деп атап өтті еңбек ардагері.

Айта кету керек, көмір өндіру компаниясының жұмысшылары «Батыр Көмір» атты жергілікті кәсіподақ құрып, ол 2018 жылғы мамырда Қазақстандық энергетиктердің салалық кәсіподағы құрамына енді. 

«Батыр Көмір» жергілікті кәсіподағының төрағасы Қайролла Туратаевтың айтуынша, «Богатырь Көмір» ЖШС мен кәсіби одақ өздерінің үздік жұмысшыларына елордада сый-құрмет көрсетуді дәстүрге айналдырған. Сондықтан Самұрық-Энерго, «Богатырь Көмір» ЖШС мен энергетиктер кәсіподағы бұл дәстүрді жалғастыруға шешім қабылдап, кәсіпорынның үздік жұмысшыларын, саланың және кәсіподақ қозғалысының ардагерлерін Астанаға алып келген.

2

Салтанатты түрде марапаттау аяқталған соң Екібастұздық делегацияға арнап Астананың көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды. Кеншілер елорданың жаңа нысандарымен танысып, Есіл өзенін бойлай теплоходта серуендеді.  

__________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі.

Тел: (7172) 55-30-62; Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

2018.08.24
2018.08.24
  • Қаз
  • Рус
  • Eng