ШАРДАРА СЭС ЖАҢА ГИДРОАГРЕГАТТЫ 2018 ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНА ҚАРАЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУДІ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

Шардара СЭС-інде жаңа гидроагрегат орнатыла бастады.

ШАРДАРА СЭС ЖАҢА ГИДРОАГРЕГАТТЫ 2018 ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНА ҚАРАЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУДІ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

Осыдан 50 жылдан астам уақыт бұрын салынған су электрстанциясы түбегейлі жаңғырту кезеңін бастан кешуде.  СЭС-ті жаңғырту жобасы 2010 жылы қолға алынып, 2020 жылы оны аяқтау жоспарланған. Мердігері – германдық Andritz Hydro компаниясы. Шардара су электрстанциясының алдында тұрған міндет – 4 гидроагрегаттың  бәрін де жаңарту.

2shar

Гидроагрегат жөндеуге дейін

Жобаға сай, бірінші кезекте №2 и №1 гидроагрегаттар жаңартылады. Бүгінде оларды құрастыру аяқталып, жаңа жабдықты монтаждау жұмыстары жүргізілуде.  

Жоба Шардара СЭС-інің қуатын 100 МВт-тан 126 МВт-қа ұлғайтуға, тозығы жеткен  жабдықты жаңартуға жағдай жасайды, ал бұл  – оны анағұрлым сенімді түрде пайдалануға, күтіп-ұстауға кететін шығынды азайтуға және электр энергиясын сату көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

3shar

Монтаждау жұмыстарына қарамай, станция өз жұмысын жалғастыруда – №3 және №4 гидроагрегаттар істеп тұр, олар екінші кезекте жаңартылады. Жаңғырту аяқталғаннан кейін су электрстанциясының қызмет ету  мерзімі ұлғайып, 35-40 жылды құрайтын болады.

АНЫҚТАМА ҮШІН:
«Шардара СЭС» АҚ 1967 жылдың 10 қазанда пайдалануға берілді. Белгіленген қуаты – 100 МВт; агрегаттардың саны – 4 дана; электр энергиясын орташа жылдық өндіруі – 377 млн. кВт. Нарын-Сырдария каскадының құрамында Шардара СЭС-і маңызды су шаруашылық мақсатты жүзеге асырады, ол – суландыру, энергетика, судың жайылуымен күресу. Станцияның орналасқан жері – Сырдария өзенінің орта ағысында.

Шардара СЭС-і жұмыс жасап келе жатқан жылдар ішінде су тасқыны кезінде  1969 жылы электр энергиясын өндіру көлемі шарықтау шегіне жетті – 648,1 млн. кВт/сағ. Бұл рекордтық көрсеткішті 2010 жылғы көрсеткіш алмастырды – Шардара СЭС-і ескі жабдықпен 670,5 млн. кВт/сағ.электр энергиясын өндірді.

2018.08.20
2018.08.22
  • Қаз
  • Рус
  • Eng