«Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлеріне жаңа Мінез-құлық кодексі таныстырылды

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген құжат бұған дейін қолданылып келген Этикалық және іскерлік мінез-құлық кодексін ауыстырды.

«Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлеріне жаңа Мінез-құлық кодексі таныстырылды

Заңдарды және ішкі құжаттарды сақтай отырып бизнесті әдеппен жүргізу мәдениеті. Бұл қағидатты ұстану – «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлерінің алдында тұрған міндеттердің бірі. Әріптестерімен өзін қалай ұстау керек, сыйлықтар алуға бола ма, әлеуметтік желілерде кездесетін қандай тәуекелдер бар – міне осы және өзге де сұрақтарға Мінез-құлық кодексі жауап береді. Ол «Самұрық-Энерго» АҚ-да 2018 жылғы 29 маусымда қабылданып, бұған дейін қолданылып келген Этикалық және іскерлік мінез-құлық кодексін ауыстырды. Құжатты энергия холдингінің «Комплаенс» қызметі – реттеуші нормалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  заңнамасының сақталуын бақылау жөніндегі бөлімшесі таныстырды. 

 «Бұл құжат Компанияның ішінде өзара қарым-қатынас жасау және өзін-өзі ұстау тәртібін регламенттейді. Әдетте, Мінез-құлық кодексі бірнеше міндетті: басқарушылық, репутациялық және корпоративтік міндеттерді бірден шешеді. Айта кетейін, Мінез-құлық кодексі күні бүгін ойлап шығарылған жоқ. Өзін-өзі ұстау ережелері баяндалған бірқатар құжат әлем тарихында кездеседі. Мәселен, солардың бірі – осыдан 300 жыл бұрын әзірленіп, ешбір өзгермеген күйде бізге жетіп келген Самурай кодексі (Бусидо Сосинсю)» деп, «Самұрық-Энерго» АҚ «Комплаенс» қызметінің басшысы Дәурен Ақшалов таныстырылым барысында атап өтті.

1

Кодекс мінез-құлықтың құндылықтарын, негізгі қағидаттары мен стандарттарын, мүдделі тараптардың мүдделерін қорғау қамтамасыз етілуін белгілейді. Құжат корпоративтік мәдениетті дамытуға, нарықтағы ашық және адал қатысушы ретінде «Самұрық-Энерго» АҚ-ның беделін нығайтуға бағытталған. «Комплаенс» қызметінің бас менеджері Дәурен Тулиннің айтуынша, сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, ұрлық және бизнесті адал жүргізбеу компанияның репутациясына үлкен сын. 

«Репутация «Самұрық-Энергоның» жоғары бағаланатын активі болып табылады. Әрбір қызметкер Компанияның репутациясын нығайтуға ұмтылып, активтердің өсуіне, олардың құны қалыптасуына асқан жауапкершілікпен қарауға тиіс. Сондықтан Мінез-құлық кодексінде, егер қызметкер сыбайлас жемқорлық сипатындағы фактілермен кездескен жағдайда компания одан күтетін  іс-әрекеттер жазылған», - деді Дәурен Тулин әріптестерімен кездесу барысында.

2

«Самұрық-Энергода» және «Самұрық-Қазына» Қорының бүкіл группасында сыбайлас жемқорлық фактілері мен көріністеріне нольдік төзімділік белгіленген. Сондықтан «Комплаенс» қызметінің басшысы қызметкерлерге үшінші тұлғалардан сыйлық алмауға және олардың қонақжайлылық кәдесінен бас тартуға кеңес берді, өйткені бұл сыйлық берушілерді негізсіз дәмелендіруі мүмкін.

«Егер сіздер сыбайлас жемқорлық көріністеріне куә болсаңыздар, жедел желі арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз. «Комплаенс» қызметі жауапты бөлімшелермен бірлесе отырып, келіп түскен әрбәр шағымды тексереді.  Ең маңыздысы, жедел желіге келіп түскен әрбір шағым мен өтініш Қордың бақылауында болады және оны қараудың нәтижесі «Самұрық-Энерго» Директорлар кеңесіне жеткізіледі. Сыбайлас жемқорлық фактілері немесе заңдарды, нормативтерді өзгелей бұзу туралы хабарлау Батыста мінез-құлық мәдениетінің бір бөлігіне айналды.  Бізде әлі ондай жоқ, керісінше – қандай да бір пайда көру үшін бір-бірінің көңілін табуға, бірдеңе қыстыруға тырысады», - деп атап өтті «Комплаенс» қызметінің басшысы.

3

Мінез-құлық кодексін және заңнаманы бұзумен бетпе-бет келгенде қызметкердің не істеу керектігі, Болуы мүмкін бұзушылықтар туралы  хабарлау саясатын ауыстырған Бастамашылықпен ақпарат беру саясатында жазылды. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» Қорының бүкіл группасында Deloitte тәуелсіз компаниясы әкімгерлік жасайтын «жедел желі» жұмыс істейді. Өтініш берген тұлғалардың аноним болып қалуына кепілдік беріледі.

2018.08.14
2018.08.14

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng