5,9 млрд кВтс электр энергиясын өндірген Мойнақ СЭС жаңа атауға ие болды

5,9 млрд кВтс электр энергиясын өндірген Мойнақ СЭС жаңа атауға ие болды

Мойнақ СЭС-іне станцияның алғашқы Бас директоры, нысан құрылысына басшылық жасап, Республиканың энергетика саласындағы маңызды жобасының іске асырылуына өлшеусіз үлес қосқан Оразалы Қантаевтың есімі берілді.

Осы нысанға үзеңгілес әріптесінің есімі берілуіне Қазақстанның ардагер-энергетиктерінің кеңесі бастама жасаған болатын. Өтініш ҚР Энергетика министрлігі тарапынан қолдау тауып, «Самұрық-Энерго» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді. Осыған орай ағымдағы жылғы 27 шілдеде станция аумағында саланың ардагерлері, нысанның құрылысын жүргізген мамандар, су электрстанциясының жұмыскерлері қатысқан салтанатты іс-шара өтті.

СЭС-тің бірінші энергоблогы 2011 жылғы желтоқсанда пайдалануға берілген болатын, өкінішке орай Оразалы Дәулетиярұлының өзі нысанның іске қосылғанын көре алмады, өйткені соның алдында ғана ол өндірістегі жүктеме салдарынан ауыр науқастан көз жұмған еді.

Қуаттылығы 300 МВт Мойнақ СЭС Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында және ҚР Электрэнергетикасының 2030 жылға дейін даму бағдарламасына сәйкес салынды. Станция Алматы облысының Райымбек ауданындағы Шарын өзенінде орналасқан. Бұл нысан – бүгінде Қазақстанның БЭЖ Оңтүстік аймағындағы (Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары) электр энергиясының тапшылығын азайтуға, ең жоғары жүктемелерді жауып, энергия жүйесіндегі қуатты реттеуге қатысты міндеттерді ойдағыдай шешіп отырған серпінді жоба. Кәсіпорынның жоба бойынша орташа жылдық электр энергиясын өндіру көлемі  – 1,027 млрд. кВтс.  

2018 жылдың 7 айында СЭС 649 миллион кВтс электр энергиясын өндірді.  Тұтас алғанда екінші энергоблок 2012 жылы пайдалануға берілген сәттен бастап су электрстанциясы 5,9 млрд кВтс-қа жуық электр энергиясын өндірген.

Станцияның өзінің бірқатар технологиялық ерекшеліктері мен шешіп отырған міндеттері тұрғысынан бірегей екенін, және «Самұрық-Энерго» холдингінің  қуат өндіретін кәсіпорындары қатарында ғана емес, Республиканың қолданыстағы электр станциялары арасында да ерекшеленетінін атап өткен жөн. «Шарын өзеніндегі Мойнақ СЭС» жобасы – Қазақстандағы және ТМД аумағындағы су қоймасының деңгейі мен гидроагрегаттар орналасқан жердің арасындағы биіктік 500 метр болатын деривациялық үлгідегі алғашқы жоғары қысымды су электр станциясы. 

Мойнақ СЭС-інде әлемдегі су электр станциялары арасында 1 МВт қуат өндіру үшін жұмсалатын судың шығыны бойынша ең үздік көрсеткіштердің біріне ие – секундына 0,25 шаршы метр. Салыстырар болсақ: Қазақстандағы ең ірі СЭС – Ертіс өзеніндегі Шүлбі СЭС-інің үлес шығыны 5 м3/с/МВт тең, ал Түркістан облысындағы Сырдария өзеніндегі Шардара СЭС-інің үлес шығыны – 7,5 м3/с/МВт. Станцияда техникалық көрсеткіштері мен тиімділігі жоғары, соңғы модификациядағы су агрегаттары орналастырылған.

Оның үстіне, Мойнақ СЭС халықаралық ынтымақтастықтың табысты үлгісі болып табылады. Станцияның негізгі нысандарының жобасы Қытайдың Халықаралық Су шаруашылығы және энергетика корпорациясының қатысуымен әзірленіп, құрылысы іске асырылды. СЭС ғимаратында  Andritz Hydro (Австрия) жасап шығарған су турбиналары орнатылған, ал су генераторлары Харбин қаласында (ҚХР) құрастырылған.

Бүгінде Мойнақ СЭС Кеңсу өзеніндегі судың бір бөлігін Бестөбе су қоймасына ағызу арқылы станция өнімділігін жылына 100 млн кВтс  арттыруды жоспарлап отыр.  

__________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ

Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі

Тел: (7172) 55-30-62; Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

2018.07.30
2018.08.14

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng