Жаз маусымының қызған сәті

Жаздың аптап ыстық күндерінде Энергетиктер кәсіподағының «Эдельвейс» балаларға арналған сауықтыру лагері екінші кезеңіне балаларды қабылдап жатыр. Ол шілде айының 10-нан басталып 25-не дейін созылады.

Жаз маусымының қызған сәті

«Лагерьде балаларға мәдени-сауықтыру бағдарламалары ұйымдастырылды. Апта ішінде «Ақылгөйлер», «Кері күн», «Тәлімгерді тап» сияқты конкурстар, сондай-ақ пионербол, волейбол бойынша спорт жарыстары өткізілді. Лагеріміздің жаңа жұлдызы бірінші жасақтағы гитарада ойнаған Руслан Нурбаев болды. Ол «Батарейка» әнін орындап шықты. Поэзия кешінде Нұрсұлтан Молдабек Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқыды, әсіресе ойымда қалғаны Ақмөлдір Дүйсенбайдың орындауындағы "Менің мақсатым" өлеңі»,- деп лагерьдің бас тәрбиешісі Дария Басшыбаева өз пікірімен бөлісті.

d2

d3

Қазіргі уақытта лагерімізде 197 бала демалып жатыр. Үшінші кезең 2018 жылғы 31 тамыздан 14 тамызға дейін болады деп жоспарланып отыр.

d4

2018.07.30
2018.07.30

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng