Қазақстанның электр станцияларына арналған көмір

Қазақстанның ірі көмір өндіруші кәсіпорны «Богатырь Көмір» ЖШС ағымдағы жылы 41 млн. тоннадан астам көмір өндіріп, тұтынушыларға жөнелтуді жоспарлауда.

Қазақстанның электр станцияларына арналған көмір

«Самұрық-Энерго» АҚ сарапшыларының айтуынша, өндірудің бұл көлемі одан артық болуы мүмкін, өйткені бүгінде компанияға 44,6 млн. тоннаны жеткізіп беруге тапсырыс келіп түсті.

«Богатырь Көмір» бойынша жоспарланған жалпы өндіру көлемінің - 33,11 млн. тоннасы «Богатырь» кенішіне, 7,19 млн. тоннасы – «Северный» кенішіне тиесілі.

Жөнелтілетін көмірдің 97 процентке жуығы электр энергиясы мен жылу өндіру үшін энергия өндіретін кәсіпорындарға жеткізіледі. 

Былтырғы жылдың қорытындылары бойынша, жоспарда көрсетілген 33,9 млн. тонннаның  орнына кәсіпорында өндірілген көмір көлемі 40,8 млн. тоннаны құрағанын айта кеткен жөн.  Бұл жоспарланған көлемнің шамамен 119,2 процентін құрайды. Аршу (пайдалы қазбалар кенін ашық әдіспен өндірген кезде оны жауып жатқан бос жынысты алу) көлемі 117,9 процентке орындалды. Жоспардағы 23,30 млн. текше метрдің орнына іс жүзінде орындалуы 27,46 млн. текше метрді құрады.

2018 жылы «Богатырь Көмір» ЖШС көмір жеткізіп беруді 2017 жылмен салыстырғанда 13,5%-ке ұлғайтуды, соның ішінде: «ГРЭС Топар» ЖШС, «Согринская ТЭЦ» ЖШС, «Павлодарэнерго» АҚ және ТЭЦ-2, 3 секілді жаңадан қосылған тұтынушыларға жеткізіп беру есебінен  ұлғайтуды жоспарлауда.  

Бүгінде Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін бүкіл көмірдің 60 проценті және Қазақстан Республикасында өндірілетін көмірдің жалпы көлемінің 40 проценті «Богатырь Көмір» ЖШС-ның үлесіне тиесілі. Компанияның негізгі тұтынушылары қатарында Рефтинск, Троицк электр станциялары (Ресей), Екібастұз ГРЭС-1, Екібастұз  ГРЭС-2, Алматы және Степногорск ЖЭО,  «Қарағанды Энергоорталық» ЖШС (ЖЭО-1, ЖЭО-3), «СевКазЭнерго» АҚ, «Астана-Энергия» АҚ (ЖЭО-1, ЖЭО-2), «Көкшетаужылу» МКК, «Павлодарэнерго» АҚ, «Bassel Group LLS» ЖШС (Қарағанды қаласы) бар.

«Богатырь Көмір» ЖШС-ні «Самұрық-Энерго» АҚ мен ресейлік «РусАл» БК тең негізде басқарады. Компания Қазақстанның Павлодар облысындағы «Богатырь» және «Северный» кеніштерінде көмірді ашық әдіспен өндіреді. «Богатырь Көмір» ЖШС-ның баланстық қоры 2,75 миллиард тоннаны құрайды. Кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына 42 млн. тонна көмір өндіру, соның ішінде «Богатырь» кеніші бойынша – 32 миллион тонна, «Северный» кеніші бойынша – 10 миллион тонна.


«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі  

Тел: (7172) 55-30-62; Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

2018.07.24
2018.07.24
  • Қаз
  • Рус
  • Eng