«АлЭС» тұлғалары: Абдукаримова Гүлжаухар Кеңесқызы

«Алматы электр станциялары» АҚ Пайдалану және жөндеулер басқармасы жөндеулер қызметінің бас маманы

«АлЭС» тұлғалары: Абдукаримова Гүлжаухар Кеңесқызы

Алма-Ата қаласында дүниеге келген, жанұяда алты баланың үлкені болған. Үйдің тұңғышы болғандықтан жастайынан бауырларына қарап, анасына үй шаруасына жәрдемдескен. Бала кезінен жауапкершілікпен өскен Гүлжаухардың әр нәрсенің өз орнында болуын қалайтыны да осыдан болар.

Мектеп қабырғасын сол кезде Энергетический деп аталатын (3-ЖЭО орналасқан) Өтеген Батыр ауылында бітірдім. Мектебіміздің көптеген түлектері Алматы энергетикалық институтына тапсырып жатты, мен де көптен қалмайын, ата-анамның сөзін жерге тастамайын деген мақсатта аталған институтқа түстім. Біздің заманымыз жеке басыңның таңдауымен емес, үлкендердің айтуымен жүретін уақыт еді...

Институтты тәмамдағаннан кейін 10 жыл шамасында қуаты 2400 МВт тұратын Ермаков МАЭС-інде жұмыс істедім, еңбек жолымды турбина жабдықтары бойынша машинист-қараушы қызметінен бастадым (ол жерде К-300-240 турбиналары орнатылған), кейін қазан-турбина цехының технигі болдым.

Кез-келген жұмыстың оңайы жоқ демекші, алғашқы уақытта ауысымды режимге үйрену оңай болмады, қатты қиналдым, әсіресе «8 сағаттан кейінгі» ауысымға (күндіз жұмыста болып, ортасында сегіз сағат тынығып, түнде қайта ауысымға шығатын жұмыс режимі) шығу қиынға соғатын. Есімде, бір күні бас май багынан май жіберіп алдым, бет жағына қарағанда құрғақ болып көрінген соң жұмысымды жалғастыра берген едім, минус белгісіндегі қақпақша жұлынып кетті. Сол уақытта ол жерде жарық істемей тұрғандықтан май каналын көру мүмкін емес еді, қайта машинист дер кезінде жүгіріп келіп, барлығын орнымен ретке келтірдік. Тағы бір жолы, түнгі ауысымда болған тазалау жұмыстарын жүргізіп жаттық, бас май сорғысын ысқылап жатқанымда қолымдағы шүберегім жоғалып кетті, қайда түсіп кеткенін таба алмай дел-сал болып калдым, бір сәтте қозғалтқыштан түтін шыға бастады, қарасам электр қозғалтқыш корпусының торы сынып кеткен екен, шүберекті электр қозғалтқыш ары қарай тартып әкеткенін түсіндім. Аталған әр жағдайда Қауіпсіздік техникасы қағидасын сақтауым мені құтқарып жүрді десек те болады. Қағидалар мен нұсқаулықтарға сенбеуге болады, бірақ ондағы тәртіпті бұлжытпай сақтау керек деген ойды толықтай қолдаймын!

Кейінгі 9 жылда Алматы 2-ЖЭО реттеу және табиғатты қорғау цехында жұмыс істедім, бастапқы кезде режим тобында, одан кейін қоршаған ортаны қорғау зертханасында.

Ал, енді міне, 15 жыл Бас кеңсенің жөндеулер қызметінде жұмыс атқарып келемін.

Тікелей басшының қарамағындағы қызметкерлерге деген қарым-қатынасы көп мәселені шешетіні сөзсіз, бұл жағдайда менің жолым болды, себебі Алексей Скрябин және Владимир Сизов сияқты білікті, сабырлы басшылардың қол астында жұмыс істеу мен үшін үлкен құрмет!

Ақпараттық технологиялар басқармасының қызметкерлері – Ирина Брега, Елена Денисенко және Андрей Артюшенкоға жеке алғысымды білдіремін. Алғаш өндірістік цехтан ауысқан кезімде компьютерді білмеген едім, бас кеңсеге келгенде жұмысым компьютерге тікелей байланысты болғандықтан аталған кісілердің көмегі ауадай қажет болды. Бір күннің ішінде бірнеше рет барсам да мейіріммен қарсы алып, жолын көрсетіп, түсіндіруден аянбауларының арқасында заманауи техниканы да игеріп алдым.

Менің міндеттеріме негізгі жабдықтарға жөндеу жүргізу, күзгі-қысқы маусымның өтуі туралы есептерді құру кіреді, әрдайым түпкілікті ақпаратты жібермес бұрын бірнеше мәрте тексеру әдетіме айналып кеткен.

2008 жылдың қорытындысы бойынша «АлЭС» АҚ БК Құрмет тақтасына енгізілдім.

Энергетика саласындағы үздіксіз жұмыс өтілім - 34 жыл. Энергетика саласына ұлымды да алып келдім, ол Заң басқармасында қызмет атқарады.

 

Бос уақытымда классикалық туындыларды оқығанды ұнаматымн. Операға, филармонияға барып тұруға уақыт табуға тырысамын. Шет тілдерін үйрену, мемлекеттік тілімді жетілдіру мақсатында кино көргенді де ұнатамын (Феллини, Куросава, Вайда). Вольтерге айтылған «Көп тілді білу, бір есікке арналған бірнеше кілтті ұстаумен тең», -деген пікірді ұстанамын.

Әріптестеріме айтар тілегім:

  1. Жұмыста адал болыңдар, кәсіби деңгейді әрдайым жетілдіріңдер, тәртіпті нығайтыңдар. Энергетика – бұл ерекше сала, бұл салаға өз шешіміммен келмесем де, осы салаға түскеніме еш өкінбеймін.
  2. Жапондық Ясудзиро Одзудың 1953ж. шығарылған «Токийская повесть» фильмінде айтылғандай «Перину в могилу не положишь»,-демекші Ата-аналарыңызды барында күтіңіздер, қадірлеңіздер және балаларыңызбен сіздерді үлгі ететіндей достық қарым-қатынас құрыңыздар.

Гүлжаухар Абдукаримова

2018.07.19
2018.07.20

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng