«АлЭС» тұлғалары: Макурочкин Антон Валерьевич, «Алматы электр станциялары» АҚ Қапшағай ГЭС Өндірістік – техникалық бөлімінің бастығы

«АлЭС» тұлғалары: Макурочкин Антон Валерьевич, «Алматы электр станциялары» АҚ Қапшағай ГЭС Өндірістік – техникалық бөлімінің бастығы

1996 жылы мектепті бітіргеннен кейін  кәсіп таңдауда ешқандай күмәнім болмады, бірден Энергетика саласын таңдадым.  Менің отбасым түгелімен  осы саласымен байланысты, өйткені ата-анам энергетиктер әулетінен. Әкем мен анам, атам да энергетика саласының өкілдері. Сондықтан, менің  Алматы энергетика және байланыс институтына түсуім санаЛы әрі заңды таңдауым  болды.

f2

Менің атам - Макурочкин Валентин Григорьевич, 1970 ж. Алматыэнерго басшылығының шақыруымен Новосибирск ГЭС-інен төрт гидроагрегаттың біріншісін іске қосуға дайындық жұмыстары жүріп жатқан Қапшағай ГЭС –іне ауысып келді. 1970 жылдан бастап 1990 жылға дейін  станцияда ӨТБ басшысы ретінде 20 жыл бойы жұмыс істеді,  энергетика саласында  42 жыл жұмыс істеп, құрметті демалысқа шықты.

Бала кезімде атам мені бірнеше рет Қапшағай ГЭС ертіп келді, көпті түсінбесем де,  сол кезде мені бәрі қызықтыратын. Ал 2000 жылы мен АЭжБИ  студенті бола отырып, осында өнеркәсіптік тәжірибеге келгенімде келешекте қайда барып жұмыс істей алатынымды анық білдім.

f3

1970 - 1974 жылдары әжем де химик – зертханашы ретінде  осындағы  химиялық зертхананың іргесін қалап, жұмысын бастауға ат салысты.

1980-1983 жылдары әкем Валерий Валентинович Макурочкин де ГЭС- те  электр техникалық зертханада РЗА инженері болып жұмыс істеді.

f4

Қапшағай ГЭС-те көптеген жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Соның ішінде менің алғашқы тәлімгерлерім Владимир Викторович Гуляев пен Владимир Юрьевич Тимаковтерге алғыс білдіргім келеді. Олардың жанашырлығы, берген ақылы дұрыс бағытта бой түзеуге мүмкіндік берді.  

Қапшағай ГЭС- індегі менің еңбек жолым 2004 жылдың тамызында электр машина цехының  ауысым бастығы лауазымынан орталық басқару пультінен  басталды.  Онда мен көп тәжірибе жинақтадым, жабдықтар және оның жұмысымен мұқият таныстым, ол кейінгі жұмысыма зор көмегін тигізді және бес жылдан кейін электр станция ауысым бастығының лауазымына тағайындалдым.  2014 жылы  жаңа ӨТБ бастығы  лауазымына тағайындалдым.f5

Қапшағай ГЭС - інің үзіліссіз әрі авариясыз тұрақты жұмысы тек өзіңе ғана емес, сонымен қатар қарамағыңдағы қызметкерлер үшін де жоғары дәрежеде жауапты болуыңды  талап етеді.

f6

f7

Өз дағдыларымды  дамытуды жалғастыра отырып,  мен өз кәсіпорныма пайдалы болуға тырысып, басшыларға  моральдық және физикалық ескірген жабдықтарды алмастыру, жаңа, қазіргі заманғы технологияларды пайдалану бойынша ұсыныстар жасадым. Станцияда жұмыс істеген уақыт ішінде барлық төрт гидроагрегатта  реттеу және қозу  жүйесінде қайта құру жүргіздік, ГЭС белсенді және реактивті  қуатты реттеудің топтық жүйесін жасадық, турбинаның бірінде дірілді бақылау жүйесін орындадық, май сорғы қондырғылары  реконструкцияланды.  Бұл жұмыс жүйелі түрде және бірыңғай техникалық шешімдер негізінде жүзеге асырылды. Енді физикалық және моральді ескірген ауа ажыратқыштарын элегаздыға ауыстыра отырып, ОРУ-220 кВ қайта құру бойынша үлкен жұмыстар атқарудамыз.  Осы жұмыстардың белсенді  кәсіпорын жағдайында жүзеге асырылуы жұмысты қиындатады.

f8

«AлЭС» АҚ сияқты компанияда жұмыс істеу білікті әрі сауатты басқару мен кәсіби тәлімгерлердің арқасында, болашаққа деген сенімділікті арттырады, кәсіби өсу мен даму мүмкіндігін береді. Қазір жинақтаған  тәжірибем және біліммен жас мамандармен бөлісіп, өзім білетін барлық нәрселерді үйреніп, оларды өндірістік қызметте сәтті қолдануға үйретемін. Менің балаларымның да  болашақта біздің Қапшағай ГЭС сияқты тамаша станцияда жұмыс істейтініне шын жүректен үміттенемін.

f10

Қорытындылай келе мен энергетика  секторында жұмыс істейтініме   мақтанамын, қаншама қиыншылықтарға қарамастан, нағыз энергетик болып қалған Қапшағай ГЭС қадірлі ардагерлерінің игі дәстүрін  жалғастыратыныма сенімдімін.

f11

Сондай-ақ, ұжымға  тұрақты және тиімді жұмыс, жоғары жетістіктер тілеймін.

f12

2018.07.03
2018.07.03
  • Қаз
  • Рус
  • Eng