А.ЕСІМОВ осыдан 10 жыл бұрын бастаған «Алматыны энергетикалық қайта жарақтандыру» бағдарламасын «Самұрық-Энерго» холдингі аяқтады

Алматыда жабық пішіндегі жаңа «Түрксіб» қосалқы станциясы іске қосылды.

А.ЕСІМОВ осыдан 10 жыл бұрын бастаған «Алматыны энергетикалық қайта жарақтандыру» бағдарламасын «Самұрық-Энерго» холдингі аяқтады

Бүгін Алматыда «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма Төағасы Ахметжан Есімовтің басшылығымен жабық пішіндегі жаңа «Түрксіб» қосалқы станциясы іске қосылды. Жаңа энергия нысанының іске қосылуы - 2008 жылы басталған Алматы қаласын электрмен орнықты жабдықтау бағдарламасын толық аяқтауға мүмкіндік берді.

1

«Түрксіб» қосалқы станциясы трансформаторлық қуатты 30 МВА-ға арттырады және Түрксіб ауданының орталық бөлігін, сондай-ақ «Қол жетімді баспана» бағдарламасы аясында салынған «Жас Қанат» жаңа шағын ауданын, «Алматы агломерациясының 2030 жылға дейінгі өңіраралық схемасы» бағдарламасы бойынша қалаға қосылған «Қайрат» шағын ауданының негізгі бөлігін электрмен қамтамасыз етеді.  

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов еліміздің ең ірі мегаполисін энергиямен үзіліссіз қамтамасыз ету мәселесіне үлкен мән берілетінін, ендігі жалғыз міндет – осы қуат көздерін дұрыс пайдалану екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы осыдан он жыл бұрын алға қойған міндеттердің бірі – Алматы қаласын электрмен орнықты жабдықтау болатын. Бүгін, қосалқы станцияның іске қосылуымен, бұл мәселе толық шешілді.  Ендігі қалған жалғыз міндет – осы қуат көздерін дұрыс пайдалану, өйткені жұмсалған 20 млрд теңгеден астам қаражат тиімді жұмыс істеуі керек», - деді Ахметжан Есімов.

2

Өзінің саны жағынан 33-ші қосалқы станция іске қосылғаннан кейін, Алматы қаласының шегінде энергиямен жабдықтау картасы  толығымен «жасыл түске» боялатынын атап өтейік, бұл қала аумағында электр энергиясы толық қол жетімді екенін білдіреді.

«Естеріңізде болар, осыдан 10 жыл бұрын жарықты кезек-кезегімен, авариялық түрде сөндіріп, электрмен орнықты жабдықтай алмайтынбыз, бұл қаланың және бизнестің дамуына кедергі келтіріп, халықтың әлеуметтік жағдайына әсер ететін», - деп атап өтті А.Есімов. 

Сондай-ақ, Ахметжан Есімов Алматы қаласына жұмыс сапары барысында қаладағы энергетикалық кешеннің орнықты дамуы үшін үлкен маңызға ие «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның энергия объектілерінде болды. А.Есімов жүктемені ПС-220/110/10 кВ №131А «Таулы қырат» қосалқы станциясынан ПС-220/110/10-10 кВ №160А «Ерменсай» қосалқы станциясына ауыстыру жұмыстарымен танысты.

3

Бұл жоба «Таулы қырат» қосалқы станциясы орналасқан аумақта лай көшкіні болған жағдайда, қосалқы станцияның қирау және тұтынушылардың электрден жаппай ағытылу қаупі туындауына байланысты іске асырылуда. Авариялық жағдайларды болдырмау мақсатында, жүктемені «Горный гигант» шағын станциясынан «Ерменсай» қосалқы станциясына ауыстыру туралы шешім қабылданғанын айта кетейік.  

2011 жылы «Ерменсай» ҚС іске қосылуы Алматы қаласында Қысқы Азиада-2011 ойындары өткізілуіне орайластырылған болатын. Жүктемелерді ауыстыру жобасын аяқтау 2018 жылға жоспарланған, содан кейін «Таулы қырат» ҚС жойылады.

2018.06.30
2018.06.30

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng