Астанада алғаш рет «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының КВН фестивалі өтті

Ойынның ерекшелігі – қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Астанада алғаш рет «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының КВН фестивалі өтті

Астанада алғаш рет «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің арасында КВН фестивалі ұйымдастырылды. Ойын «Біздің күшіміз – бірлікте» ұранымен мемлекеттік тілде өтті.

f1

КВН-ге Астана, Алматы, Екібастұз қалалары мен Алматы облысынан келген 8 команда:  «Самұрық-Энерго» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «АлЭС» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Мойнақ СЭС» АҚ,  Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС,  «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС қатысты.  Ойынды казақстандық танымал экс-кавээнші Нұрлан Өтешев жүргізді.

f10

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының м.а. Бақытжан Жоламанов қатысушыларды құттықтап сөз сөйледі. Ол «кавээншілерге» сәттілік тілеп, алқақазы мүшелерін әділ болуға шақырды.  

zholamanov

Ойын үш конкурстан: командалардың сәлемдесуінен, «5 корпоративтік жаңалық» конкурсынан, музыкалық үй тапсырмасынан құралды.

f2

Қатысушылар өздері дайындаған номерлерде жұмыс бабындағы көріністерді, өздерінің қаласындағы әлеуметтік өмірде болған жағдайларды қалжыңмен жеткізіп, күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді әзіл сынына алды, мемлекеттік тілді дамытудың проблемалық мәселелерін тілге тиек етті.

f4

f5

f6

«Кавээншілердің» әзілі мен тапқырлығын энергия холдингінің топ-менеджерлерінен құралған білікті алқақазы бағалады.

zh1

Көрермендер өздерінің банерлерімен және аямай соққан шапалақтарымен КВН-ге қатысушыларды қызу қолдап отырды.

fspl

f7

Командалардың бірі ортада өнерін көрсетіп жүргенде, сахна сыртында бөлек өмір өтіп жатты. Ойыншылардың бірі номерлерін тиянақтап, айтатын әзілдерін жаттаса, кейбірі – КВН-дегі қарсыластарының ойынын тамашалап, бір-бірімен танысуға да уақыт тапты

f9

f11

f13

«Самұрық-Энерго» АҚ «Аса шұғыл / Весьма срочно» командасының қатысушысы Әсел Өскенбаеваның айтуынша, КВН-де командалардың бәрі  «күш – бірлікте» екенін және ортақ корпоративтік ұйымшылдықты сезінді.

f17

«КВН-нің көмегімен мен де, әріптестерім де байтақ қазақ тілі арқылы сөздік қорымызды толықтырдық, бұл шынында да алға басу! Осындай ойын-сауықтың қызығымен бөлісу үшін Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген әріптестеріммен бір сахнада өнер көрсету қуанышты-ақ! Өмір бойы есте қалатындай әсер алдым, - деп ой бөлісті Әсел Өскенбаева.

Қатысушылардың кейбірі КВН-де бұған дейін ойнап көрген. Мәселен, Екібастұз ГРЭС-2-нің «PRO-ГРЭС» командасы станция атынан қалалық, облыстық, республикалық ойындардың, сондай-ақ халықаралық деңгейде – Бішкекте өткен «Ала тоо» лига фестивалінің қатысушысы.

fdiana

«Бұл ойынға ұзақ уақыт, табандылықпен дайындалдық. Біздің үлкен тәжірибеміз, жинақтаған біліміміз, дайын репертуарымыз бар. Көрермендердің бізді қалай қарсы алғаны өте ұнады. Демек, әрбір миниатюра мен әзіл-сықақ көпшіліктің қалауынан шықты. Біздің ерекшелігіміз де осында, - деді «PRO-ГРЭС» командасының ойыншысы Диана Пономарева.  

f3

Ойыншылардың ұшқыр әзілі залда отырғандардың ешқайсысын бей-жай қалдырған жоқ, демек КВН бәріне де ұнады.

f25

f22

«Бұл іс-шара алғаш рет энергия холдингінің еншілес компаниялары командаларының қатысуымен өткізілді. Соның арқасында әзіл-сықақ мерекесі биыл осындай көңілді, есте қаларлық болды. Бүкіл ойын барысында Корпоративтік орталықтың командасына қызу қошемет көрсетіп, қолдап отырған «Самұрық-Энерго» АҚ ұжымына алғысым шексіз. Осындай тамаша ойын-сауық кешін ұйымдастырып, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында КВН өткізуге үлкен күш жұмсаған Құжаттамалық қамтамасыз ету департаментін айрықша атап өту қажет, - деп «Аса шұғыл / Весьма срочно» командасының ойыншысы Әнуар Әбітаев ойыннан алған әсерімен бөлісті. 

ocenka

Тартысты өткен ойын нәтижесінде «АлматыЭнергоСбыт» командасы бірінші орынды жүлделеді.

f33

«Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік орталығының өкілдері екінші орынды иеленді.

f34

Екібастұз ГРЭС-1-дің «МегаВатт» командасы үшінші орынды жеңіп алды.

f35

Ойын мемлекеттік тілде өткенін айта кетейік. Сол арқылы КВН-нің ұйымдастырушылары – «Самұрық-Энерго» АҚ-ның «Құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті» қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге, еліміздің төл тарихына, мәдениеті мен ұлттық құндылықтарына құрметпен қарауға үлес қосты.   

Д. Айдаров

2018.06.27
2018.06.27
  • Қаз
  • Рус
  • Eng