«Сату процестерін дамыту және трейдинг процестерін енгізу» SKE.02 жобасы: Сауда Үйінің мақсатты моделі жасалуда

«Самұрық-Энерго» АҚ және PwC консультанттары жобаның 1 және 2 кезеңдері бойынша жұмысты аяқтады.

«Сату процестерін дамыту және трейдинг процестерін енгізу» SKE.02 жобасы: Сауда Үйінің мақсатты моделі жасалуда

«Самұрық-Энерго» АҚ,  PwC консультанттарымен бірлесе отырып, «Сату процестерін дамыту және трейдинг процестерін енгізу» SKE.02 жобасы бойынша жұмыстың едәуір бөлігін орындады.  Энергия холдингіндегі сату функцияларының ағымдағы жағдайы егжей-тегжейлі талданып, Қазақстанның, көршілес елдердің және әлемнің жетекші 30 мемлекетінің электр энергиясы нарығына шолу жасалды.

transformaciya1

«Жергілікті нарықтағы және көршілес елдердің нарығындағы әлеуетті дамыту тұрғысында бұл жоба «Самұрық-Энерго» АҚ үшін стратегиялық маңызды. Халықаралық деңгейдегі ойыншылар өздерінің трейдингтік бөлімшелерін кәсібилікпен жолға қойғанын көріп отырмыз. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның сату функциясы мен трейдингін орталықтандыру қазіргі нарықтық жағдайда электр энергиясы сатылуын ұлғайтуды көздейді», - деп есептейді PwC Энергетика секторының компаниялары үшін стратегиялық және операциялық консультациялар беру практикасының директоры Григорий Сидоров және PwC тауарлық трейдинг саласындағы қызметтер практикасының жетекшісі Константин Суплатов.

Сарапшылар электр энергиясын сату және трейдинг саласындағы әлемнің үздік практикалары қатарынан алты компанияның тәжірибесін егжей-тегжейлі зерттеп шықты.

transformaciya2

«Алда келесі кезең тұр – үздік практикалар негізінде біз сату функциясының, соның ішінде ұйымдастыру құрылымының мақсатты моделін құрамыз. Өкілеттіктер тұрғысынан қарағанда, энергия холдингінде жұмыс істеп тұрған ағымдағы модель мен мақсатты модельдің бір-бірінен алшақтығын қараймыз. Оңтайландырудың әлеуеті байқалса, онда келесі қадам ретінде біз ағымдағы модельден мақсатты модельге ауысуды іске асыру жоспарын құра аламыз»,- деп атап өтті  PwC жоба менеджері Илья Жаров.

Бірінші және екінші кезеңдердің нәтижелері бойынша зерттеулерден алынған деректер жобаның «Сатулар мен трейдингтің мақсатты моделінің тұжырымдамасын әзірлеу және келісу» деп аталатын үшінші кезеңінде пайдаланылатын болады.

transformaciya3

«Тұжырымдама келісілгеннен кейін, әрі қарай «Самұрық-Энерго» Сауда Үйінің орталықтандырылған сату және трейдинг функциясының операциялық мақсатты моделі енгізіледі. Бұл жұмыс шеңберінде сауда стратегияларын, ішкі ережелерді, лауазымдық нұсқаулықтарды, тұтынушыларды қызықтыру үшін сатушылар нарыққа шығаратын өнімдер мен қызметтердің портфелін әзірлеу көзделеді», - деп жоспарлармен бөлісті «Сату процестерін дамыту және трейдинг процестерін енгізу» SKE.02 жобасының жетекшісі, Сауда Үйінің бас менеджері Дәулет Ахметжанов.

transformaciya4

PwC консультанттарымен бірлесе отырып, «Сату процестерін дамыту және трейдинг процестерін енгізу» SKE.02 жобасы бойынша жұмыс 2017 жылғы желтоқсанда басталған болатын. Жобаның мақсаты – Корпоративтік орталықтың базасында сату мен трейдингтің тиімді және басқаруға ыңғайлы, нарықтағы өзгерістерге икемді функцияларының бірыңғай орталығын құру.

Дамир Айдаров

2018.06.21
2018.06.21

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng