Алматыда Қазақстанның және ТМД ардагер энергетиктерінің X форумы өтті

2018 жылдың 8 маусымында Алматы қаласында ардагер энергетиктердің мерейтойлық республикалық форумы өтті

Алматыда Қазақстанның және ТМД ардагер энергетиктерінің X форумы өтті

Форум жұмысына энергетика саласының сексеннен астам ардагері қатысты. Олар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан, Қазақстанның барлық өңірлерінен келген қонақтар, еңбегі сіңген ардагерлер.

v1

«Бүгінгі энергетикалық кешен біздің күшімізбен құрылған», - деді Қазақстан ардагер энергетиктері кеңесінің төрағасы Советхан Сейтқалиұлы Нұрпейісов. – Қазір  ол сенімді түрде жас буын энергетиктердің қолында, ал біз кәсіби энергетиктер ретінде энергетикалық секторымыздың жалпы  Қазақстан игілігі үшін дамып, өркендеуі үшін талқылауға, ұсыныс жасауға  кеңес беруге мүдделіміз».

Форумда «Самұрық-Энерго» АҚ қызметінің негізгі бағыттары бойынша Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор Серік Тютебаев сөз сөйледі.  «Біз үшін ең өзекті және ең маңызды міндет - 2019 жылы қуат нарығына шығу», - де атап көрсетті  ол.

v2

Талқылау барысында ардагерлер ел экономикасын дамытуда энергетикалық сектордың маңызды рөліне ерекше назар аударды.  Форумға қатысушылар табиғи монополия  субъектілері - энергетикалық компаниялардың қызметіндегі бірқатар шешілмеген мәселелерді атап өтті. Ресей ардагерлері Қазақстан ардагерлерінің  кеңесіне ҚР Үкіметімен тікелей жұмыс істеуге ұсыныс  жасады, бұл үрдіс  өздерінде  кеңінен қолданылады екен. Қазақстанның  жоғары вольтты электр желілерін салу тәжірибесі болғандықтан электр қуатының экспортын  ұлғайту қажеттілігі туралы мәселе көтерілді. Форум  жұмысының қорытындысы бойынша бірауыздан  қарар бекітілді, ол Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне, «Самұрық-Энерго» АҚ, ҚЭҚ-ға жіберіледі.

v3

Форумда энергетика ардагерлерін марапаттау рәсімі болып өтті. «ҚЭҚ еңбек сіңірген энергетигі» атағымен БЖК электртехникалық  цех бастығы Вадим Ветлугин,  2-ЖЭО бас инженері Артур Taянов марапатталды; «ҚЭҚ құрметті энергетигі» атағы 3-ЖЭО электртехникалық цех бастығы  Владимир Пустоваловқа, «Энергожөндеу» ӨЖК 2-ЭЖЖЦ бастығы Сакен-Марат Кушербаевқа,  Энергожөндеу» ӨЖК 1- ЭЖЖЦ бастығы Дмитрий Дороховқа берілді.  «Ардагер энергетик» атағымен 1-ЖЭО басқарушы директоры Ғалым Жаңбыршы,  Қапшағай ГЭС экс бас инженері  Виктор Koнищев,  Каскад ГЭС экс бас инженері    Жақсыбек  Шоланбаев, 2-ЖЭО өндірістік учаске шебері  Ауезхан Абиев, 3-ЖЭО отын–көлік цехының экс бастығы Гафуржан  Суюндиков марапатталды.

v4

Жалпы Форумға қатысушылардың айтуынша энергетика  ардагерлерінің кездесуі жемісті  және жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Іс-шараның ресми бөлігінен кейін Форум қонақтары үшін Оңтүстік астанамыз  Алматыны тамашалау ұйымдастырылды. Форумға қатысушылар ұйымдастырушы компания «Алматы электр станциялары» АҚ-ға ардагерлерге құрмет көрсеткені  және  шараның жоғары деңгейде өткізілгеніне зор  алғысын  білдірді.

 Анықтама: Қазақстан энергетикасы ардагерлерінің кеңесі ҚЭҚ жанынан 2009 жылдың наурыз айында құрылды. Сол жылы Талдықорған қаласында энергетика ардагерлерінің алғашқы съезі өтті, осыдан кейін ардагерлердің кездесулері жақсы дәстүрге айналды.

2018.06.19
2018.06.19

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng