Тең мүмкіндіктер

Тең мүмкіндіктер

2018 жылдың 13 маусымында «АлЭС» АҚ Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Жобалық тобы келді. Аталған команданың  мақсаты «Самұрық-Энерго» АҚ энергетика секторында тең мүмкіндіктерді ілгері жылжыту бағытында кадр саясаты саласындағы озық халықаралық тәжірибені бейімдеуде қолдау көрсету. Сонымен бірге, қолданыстағы тәжірибені жалпылау, оны Қазақстан экономикасының басқа секторларында тарату бойынша ұсыныстар әзірлеу жоспары белгіленіп отыр. Аталған жобаның орындаушысы  Лондон қаласындағы Ergon Asscoiates консалтингілік агенттігі.

3

«ЕҚДБ-ның басымдықтарының бірі - өндірімді жұмыспен қамтуда тең мүмкіндіктерді кеңейте отырып, экономиканың барлық секторларындағы әйелдердің рөлін арттыру», - деп мәлімдеді жобаның жетекшісі және «Ergon Associates» директорының орынбасары Кирстен Ньюит.

«АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы басшы әйелдердің қатысуымен ЕҚДБ өкілдері үшін кіріспе мәжіліс өткізді, компанияның жұмысымен таныстырды, кездесуде жобаның мақсаттары талқыланды. Бұдан басқа, Банктің жобалық тобы 1-ЖЭО–ға барып, түрлі жұмыс орындарын, персоналға арналған орын –жайларды көріп, 1-ЖЭО қызметкерлерімен әңгімелесті, сұрақтарына жауап алды.

1

Күннің екінші жартысында жоба командасы кадрлар даярлау бөлімінде жұмыс істеді, АЭжБУ- ның  практикада жүрген, дуальды білім беру жүйесімен оқитын студенттермен кездесті, компаниядағы ерлер мен әйелдердің лауазым бойынша өсу мүмкіндіктері мен еңбек жағдайлары туралы көлемді болжамды көзқарас қалыптастыру мақсатында АлЭС қызметкерлерімен фокус-топтар өткізді.

2

Қызметкерлерді басқару процедураларына, оның ішінде кадрлар резервімен жұмыс істеу, оқыту, ынталандыру және т.б. мәселелерге ерекше көңіл бөлінді.

«Алматы электр станциялары» АҚ ынтымақтастыққа ашық, жаңа сырттай көзқарас біз үшін өте маңызды. Біздің компаниямыздың іс жүзінде барлық қызметкерлерге тең мүмкіндіктер беретініне сенімдімін. Біздегі жұмыс көлімі үлкен, барлығы нақты және кәсіби», - деп атап өтті «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов.

2018.06.19
2018.06.22
  • Қаз
  • Рус
  • Eng