Екібастұз ГРЭС-2 «Сенің жаңа қырың» челленджіне қосылды

Екібастұз ГРЭС-2 «Сенің жаңа қырың» челленджіне қосылды

Екібастұз ГРЭС-2 станциясының ұжымы көштен қалмай жүріп, әртүрлі акциялар мен флешмобтарға үлкен белсінділікпен және ерекше құмарлықпен қатысады. Бұл жолы энергетиктер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі атсалысуға шақырған «Сенің жаңа қырың» атты республикалық спорттық бастаманы қолдады.

 «Станцияның бірқатар жұмыскерлері аталмыш челленджге қатысуда. Алайда, бүгінгі күнге дейін оны әркім өзінше, жалғыз жасады. Бүгін біз барлығымыз жиналып, жаттығудың бір күнін станция ұжымымен өткізуді жөн көрдік. Бізді қолдауға өндірістік қызметкерлермен қатар, Қоғам әкімшілігінің өкілдері де жиналды», - деп бөлісті Екібастұз ГРЭС-2 станциясы Жұмысшы жастар кеңесінің төрағасы Максим Рудой.

drugoi ty2

Жөндеу кампаниясының басталуы салдарынан өндіріс қызметкерлерінің жұмысы көбейгенімен, энергетиктер жарты сағат уақытын спорттық рухты көтеруге арнады. Станцияның 50-ден астам жұмыскері ырғақты әуенге қосылып кешенді дене жаттығуларын жасады. «Таңғы жаттығудың маңызы ерекше. Ол күні бойы сергек жүруге мүмкіндік береді, адамның жұмысқа деген ынтасы, белсенділігі артады. Ең бастысы, бойыңызға жақсы энергия жинайсыз, ол өз кезегінде көңіл-күйіңізге әсер етеді. Дәл осындай сауықтыру бағдарламаларын жиі өткізіп тұруға мүмкіндігіміз болады деп үміт артамын», - деді сауықтыру гимнастикасын өткізген бассейн жетекшісі Елена Новосельская.

 Жаттығу тамаша өтті. Енді оған қалған жұмыскерлер де қосыламыз деген ниетте.  


Марал Искакова, сурет автордыкі

2018.06.11
2018.06.11

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng