Гидроагрегатты жөндеу сәтті аяқталды

2018 жылы Қапшағай ГЭС өндірістік департаментінде жөндеу науқаны ерте басталды. Жаңа жыл мерекесі  аяқталмай жатып, станциядағы негізгі жабдықтарда жөндеу жұмыстары толықтай басталып кетті. 11 қаңтардан бастап ақ үстіміздегі  жылдың аса маңызды және еңбек сыйымдылығы мол іс – шарасының бірі - № 3ст. гидроагрегатын бөлшектеу, аспаптық зерттеулер жүргізу және қалдық ресурсын анықтаумен күрделі жөндеуге шығарумен қатар жүретін  жұмыстары  басталды.

f1

«АлЭС» АҚ жабдықтарды жөндеудің бекітілген кестесіне сәйкес (11.01 бастап 18.04.2018ж. қамтитын мерзімінде) Қапшағай ГЭС-інің инженерлік-техникалық қызметкерлерінің тікелей бақылау жүргізуімен «Трест Средазэнергомонтаж» АТАҚ Алматы іске қосу – баптау басқармасы» ЖШС және «EnergoМаш» ЖШС мамандандырылған мердігерлік ұйымдар жұмыскерлерінің күшімен 97 күнде жөндеу жұмыстары сәтті аяқталды. Үстіміздегі жылдың 18 сәуірінде №3 ст. гидроагрегатының ешқандай ескертулер мен кедергілерсіз желіге қосылуы жүзеге асырылды. Гидроагрегат тораптарын аспаптық зерттеулердің нәтижесі бойынша даярланған есепке сәйкес оның рұқсат етілген жұмыс мерзімі 8 жылға, яғни  2026 жылға дейін ұзартылды.

f2

«№3 ст. гидроагрегатын жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде  Қапшағай ГЭС электрмашина цехы қызметкерлерінің күшімен маңызы жағынан кем түспейтін - Т-3 күш трансформаторы мен 22Т меншікті қажеттіліктер трансформаторында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, - деді Серік Қалиев, Қапшағай ГЭС басқарушы директоры. - Ауқымды іс-шара аяқталды, күзгі-қысқы жылу беру маусымынан табысты  өттік, алайда босаңсуға  уақыт жоқ -  23 сәуірде №4 ст. гидроагрегаты, қалыпты ұзақтығы  20 күнді құрайтын ағымдағы  жөндеуге шығарылды.  Алдымызда осыған қоса жоспарлы ағымдағы  жөндеу жұмыстары  жалғасын табады, атап айтсақ, № 1 және №2 ст. гидроагрегаттары, Т-1, Т-2, 21T трансформаторлары, қосалқы және жалпы станция жабдықтары, ғимараттары мен гидро құрылыстары жөнделеді. Біздің ұжымның басты міндеті -  жабдықтардың жұмысын және оларды  қауіпсіз пайдалануды  қамтамасыз ету болғандықтан, біз үшін осындай  жұмыс реті дағдылы».

f3

Анықтама: №3 ПЛ2-50-642-В-650 гидротурбинасы 1971 жылы пайдалануға берілген.  Осы кезең аралығында аталған гидроагрегатта  көлемі мен мерзімдері қолданыстағы нормативтік  - техникалық құжаттарға лайықты  жоспарлы ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2018.06.07
2018.06.07

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng