«Самұрық-Энерго» АҚ басшылары холдингтің ұжымымен жүзбе-жүз кездесу барысында трансформация туралы әңгімелесті. Персоналдың трансформациялау процесіне қатысуын арттыру мақсатында бұндай кездесулерді апта сайын жүргізу жоспарланады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Алексей Огайдың Корпоративтік орталық ұжымымен «Бизнес-процестерді автоматтандыру – қиял немесе шынайылық» тақырыбындағы алғашқы кездесуі өтті.

Ең алдымен, әр қызметкерді трансформациялау оған қалайша әсерін тигізетінін қызықтырады. Алексей Огай болжалдар және оларды шынайы іске асыру туралы айтты.

Бизнес-процестерді автоматтандыруды ендіру басымдығының бірі – ақпаратты «табу» мерзімін азайту. Оның сапасы едәуір артады, ол шоғырландырылған, барынша нақты және құзыретті болады. Бұл маманға күнде қайталана беретін істерден құтылып, өз жұмысына тікелей шоғырлануға мүмкіндік береді.

Алексей Огай ұжымда орын алған бірнеше «миф» туралы айтып өтті. Оның бірі - «ақылды консультанттар» келіп, жобаны «толық аяқтап» тапсыратыны туралы. Бірақ, бизнес қатыспайынша, ол мүдделі болмайынша,  дұрыс түпкі нәтижені алуға - табысқа қол жеткізу мүмкін емес.

Автоматтандыру жұмыстан босатады деген түсінік - тағы бір қателік.

Алексей Огай: «Сиқырлы батырма жоқ. Трансформациялау жобасы аясында  негізгі болып табылатын SAP жүйесі қолмен «таратылатын» көп деректерді талап етеді. HR-дан бастап қаржы блогын қоса алғандағы барлық құрылымдық бөлімшелер құзыреттері бойынша деректерді жинауға қатысады. Жұмыс азаймайды, алайда сіздер өздеріңізді қандай нәтиже қағаттандыратынын есте сақтауға және түсінуге тиіссіздер. Нақты қорытындыны дұрыс анықтау міндет болып табылады», - атап кетті.

Ұжым Трансформациялау бағдарламасын іске асыруға жұмсалатын шығындарға, жобаларды аяқтау мерзімдеріне, компанияның цифрландыруға дайындығына қатысты бірқатар сұрақ қойды және холдингтің басшылығымен кері байланыстың тиімділігін атап өтті.

2018.05.23
2018.06.05

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng