«Самұрық-Энерго» қызметкерлері «V переработку» Экоасары акциясын қолдады

Дүниежүзілік Қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында «Самұрық-Энерго» АҚ «V переработку» Экоасары акциясын қолдады. Бұл акция барысында Астанада қатты тұрмыстық қалдықтар мен тұрмыстық электр техникасы одан әрі қайта өңдеу мен жоюға қабылданған болатын.

«Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік орталығының қызметкерлері жинаған 120 килограммнан астам қағаз, пластик және полиэтилен бұйымдары, текстиль және т.б. қайта өңдеуге және жоюға жіберілді.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниясы қоршаған ортаны сақтау мен қорғауға бағытталған экологиялық акцияларды қолдап отырады. Қоқысты бөлек жинау дамыған елдердің көбінде бар, сондықтан мұндай тәжірибенің Қазақстанға келгені қуантады. Мұндай игі істің басында, әрине, елордамыз Астана болуға тиіс. Қоршаған орта мен қоғамға келтіретін теріс әсерді азайту – компаниямыздың «Тұрақты даму» саласындағы көп қырлы саясатының бірі», – деп атап өтті «Самұрық-Энерго» АҚ  «Корпоративтік басқару және тұрақты даму» департаментінің директоры Мақпал Мұхамеджанова.  

 «V переработку» Экоасары акциясы 2018 жылғы 2 маусымда өтті. Оның бастамашылары - Астана қаласының әкімдігі мен «Оператор РОП» ЖШС қатты тұрмыстық қалдықтар мен тұрмыстық электр техникасын одан әрі өңдеу мен жою мақсатында қабылдау бекеттерін  ұйымдастырды.

Дүниежүзілік Қоршаған ортаны қорғау күні 5 маусымда атап өтіледі.

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі

+ 7 (7172) 55-30-62, 55-30-66

2018.06.04
2018.06.04

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng