«Самұрық-Энерго» АҚ Жаңғырту жөніндегі кеңесі Трансформациялау бағдарламасының жүзеге асыру барысын қарады

Жаңғырту жөніндегі кеңес отырысында трансформациялаудың «Корпоративтік қаржының жаңа моделін енгізу», «Портфельді басқару» және «АТ-ны басқарудың жаңа моделін ендіру» жобалары бойынша шешімдер қабылданды.

Кадрлық өзгерістерге байланысты, «Самұрық-Энерго» АҚ Жаңғырту жөніндегі кеңесі «Корпоративтік қаржының жаңа моделін енгізу» жобасының демеушісі ретінде «Самұрық-Энерго» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директорының м.а. Әлиев Ерланды белгіледі.

«Портфельді басқару» жобасы бойынша осы жобаның функциональды көлемі мен оны жүзеге асыру бағытын оңтайландыру мәселесі қаралды. Жаңғырту жөніндегі кеңес жобаларды басқару әдіснамасын әзірлеуге сарапшылар тарту арқылы жобаны жүзеге асыруды мақұлдады. Бұл шешім жобаны жүзеге асыру шығынын едәуір қысқартуға және оның уақытында іске асырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тиісінше Жаңғырту жөніндегі кеңес жобаның бақылау нүктелеріне енгізілетін өзгерістерді мақұлдады.

«АТ-ны басқарудың жаңа моделін ендіру» жобасын жүзеге асыру аясында  Компания IT мониторингі жүйесін енгізді. Қажетті техникалық құжаттар әзірленіп, қосалқы жүйе мен қосылған жабдықтарға баптау жұмыстары жүргізілді. Бұл жүйе IT құрылымының жұмысындағы сапа сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Кеңес осы нәтижені келісіп, жобаның бақылау нүктесін жабық деп жариялауға шешім қабылдады.

2018.05.21
2018.05.28

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng