Екібастұз ГРЭС-2 станциясында ардагерлерді құттықтады

ГРЭС-2 станциясының жұмыскерлері үшін Жеңіс күні ерекше мейрам.

3gres2

ГРЭС-2 станциясының жұмыскерлері үшін Жеңіс күні ерекше мейрам. Көп жылғы дәстүр бойынша, бұл күні еңбек майданының ардагерлері, ҰОС ардагерлерінің отбасы мүшелері, интернационалист-жауынгерлер және Чернобыль апаты салдарын жоюшылар, барлығы 40-тан астам ардагер станцияда өтетін Басқарма Басшысының салтанатты қабылдауына қатысты.

Әкімшілік-тұрмыстық корпустың асханасында соғыс жылдарының әндері орындалды. Кең жайылған дастарқан басында ардагерлер сұрапыл соғыс жайлы естеліктерімен бөлісіп, полктес достарын еске ала отырып, «ең бастысы, соғыс болмаса екен» деп тілек айтты.

1gres2

 «Бұрындары осы асхана адамдарға лық толы болатын. Алайда, уақыт өтіп жатыр, ардагерлеріміздің де саны азаюда. Сіздерге бүгінгі бейбіт күн, балаларымыз бен немерелерімізге бақытты өмір сыйлағандарыңыз үшін ерекше алғыс айтамыз. Сіздерге ең бастысы – денсаулық тілегім келеді», - деп құттықтады қонақтарды «Екібастұз ардагер-энергетиктері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рашит Ғаббасов.

Бұл күн жылы лебіздер мен ұмытылмас сәттерге толы болды. Станция атынан ардагерлерді еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық жетекші Мұрат Байтеміров құттықтады: «Осынау айтулы күні баршаларыңызға ерен еңбектеріңіз бен көрсеткен ерліктеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Сіздерді әркез көруге қуаныштымыз, қымбатты біздің ардагерлеріміз».

2gres2

Мерекеге орай, Солнечный кентінде тұратын 47 ардагерге  (оның ішінде еңбек майданына қатысушылар, интернационалист-жауынгерлер, Чернобыль апаты салдарын жоюшылар да бар) ақшалай сыйлық берілді.

Станцияның көркемөнерпаздары көпшілік сүйіп тыңдайтын соғыс жылдарының әндерін орындап, мерекенің сәнін келтірсе, ардагерлер вальс биін билеп, оларға қосылып ән шырқады. 

Марал Искакова, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның баспасөз хатшысы

Суреттер автордікі

2018.05.16
2018.05.17

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng