Алтын түстес күміс жүлде

«Самұрық-Энерго» АҚ мини-футболдан құрама командасы Сібір Энергетикасы – 2018 Кубогінде екінші орынды жеңіп алды.

1

Мини-футболдан Сібір Энергетикасы – 2018 халықаралық турнирі 2018 жылғы 5 мамырда Новосибирск қаласында өтті. «Самұрық-Энергоның» құрамасы алғаш рет қатысқан бұл жарыста Ресей мен Қазақстанның отын-энергетика кешеніне қарасты 16 кәсіпорынның командалары бас қосты.

2

«Самұрық-Энерго» АҚ намысын энергия холдингінің түрлі компанияларынан келген 12 ойыншы қорғады. Олардың қатарында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-тың, «Богатырь Көмір» ЖШС-тің, «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-тің өкілдері бар. «Самұрық-Энерго» АҚ құрамасын турнирге бапкер Әнуар Тұрлыбаев дайындады. Футболшылардың сайланып, жарысқа шығуын қамтамасыз еткен «Самұрық-Энерго» АҚ Қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры Ербол Сарманбетов пен Әкімшілік департаментінің өкілі Азамат Болатов командамен бірге Новосибирск қаласында болып, қолдау көрсетті.

3

Жеребе тарту қорытындысы бойынша қазақстандық энергия холдингінің командасы «D» тобына түсіп, сол жерде «Новосибирск жасанды талшық зауыты» (Искитим қаласы), «Энергокомплект» (Новосибирск) және «Сибирьэнергосервис» (Новосибирск) секілді қарсыластарымен кездесті.

4

5

Ойын барысында «Самұрық-Энерго» құрамасы төрт команданың ішінен бірінші орынды жеңіп алды. Комбинациялық қызықты ойында Қазақстандық энергетиктер қарсыластарының қақпасына 9 доп соғып, өз қақпасына 1 доп жіберіп алды. 

6

7

8

Алтын плей-оффтың ширек финалы сатысында «Самұрық-Энерго» АҚ командасы шапшаң шабуылды ойын өрнегін көрсете отырып, қарсыласы «ПМХ-Уголь» (Кемерово) командасын турнирден ығыстырып тастады – 2:0. Одан әрі жартылай финалда футболшыларымыз қыза келе Омбының «Рабочие системы» командасын ойсырата жеңді– 5:0.

99

Турнир кубогі сарапқа салынған алтын ойында «Самұрық-Энерго» АҚ командасы «Сибирьэнергосервиспен» кездесті. Қарсыластар бұған дейін «D» тобында бір-бірімен тең түскен болатын - 0:0, сондықтан финалда сақтықпен  ойнады, өйткені таразыға бас жүлде – Кубок қойылған еді.

11

Жергілікті жанкүйерлердің азан-қазан қолдауына қарамастан, Қазақстандық энергетиктер өзінің қарсыласы – Орал тауының бергі бөктеріндегі отын-энергетика кешені саласындағы ең мықты деген командаға лайықты тойтарыс берді. Негізгі және қосымша уақыт финалдық ойынның жеңімпазын анықтай алмады – таблода сол күйі 0:0 есебі жанып тұрды.

12

13

Турнирдің тағдырын пенальти сериясы шешті – ойын Новосибирскілік «Сибирьэнергосервис» командасының пайдасына 3:2 есебімен аяқталды. «Самұрық-Энерго» АҚ командасы екінші орынды  иеленді – «Самұрық-Энергоның» халықаралық турнирдегі алтын түстес күміс жүлделі алғашқы ойыны өте қызығарлық болды, оның үстіне «Самұрық-Энерго» құрамасының шабуылшысы Ербол Ізікенов жарыстың ең үздік ойыншысы деп танылды.

14

Осымен бесінші рет өткізіліп отырған Сібір Энергетикасы – 2018 турнирі Жеңістің 73 жылдығын мерекелеуге орайластырылды.

2018.05.14
2018.05.14

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng