2-ЖЭО Баптау және табиғатты қорғау қызметі цехының химиялық зертханасы – екінші үйіміз

2-ЖЭО Баптау және табиғатты қорғау қызметі цехының химиялық зертханасы – екінші үйіміз

1979 жылы химия цехының іргесінде Баптау және табиғатты қорғау цехының зертханасы құрылған болатын. Алғашқыда жабдықтар, қажетті құралдар сатып алынды, зертхана жабдықтары біртіндеп жинақталды және 1980 жылы химия цехының  бастығы  Кучин Николай Трофимовичтің жетекшілігімен құрамында 7 қызметкері бар зертхана іске қосылып, жұмыс істей бастады. Прозорова Марина Михайловна зертхана меңгерушісі  болып тағайындалды. Зертхана станцияның маңызды бөлімшесі болып табылады, өйткені станцияға келген шикізаттың барлығы дерлік  көптеген көрсеткіштер бойынша қатаң талдау  және тексеруден  өткеннен кейін ғана өндірісте қолдануға жіберіледі. Зертхананың негізгі міндеті - өлшеу әдістерінің талаптарын сақтау және қажетті дәлдікпен талдау жасау. Талдау нормативтік құжаттамаға, өлшеу техникасына, мемлекетаралық, салалық стандарттарға сәйкес жүргізіледі. 2-ЖЭО –да зиянды газдар шығарындыларына бақылау  есептік тәсілмен және аспаптар көмегімен жүзеге асырылады.

2

Зертхана құрамында:
1.  Су зертханасы. Ол Талғар су қоймасынан келетін бу мен суға  толыққанды  талдау жүргізумен  айналысады.
2. Отын зертханасы. Көмір  мен мазутқа бақылау жүргізеді.
3.  Газ-май зертханасы.
4.  Қоршаған ортаны қорғау зертханасы.  Сұйық, газ тәрізді, қатты және басқаларға бөлінетін зиянды заттардың шығарылуын анықтайды.

       Қазіргі  Баптау және табиғатты қорғау цехының жанындағы зертханада  станцияға жас кезінде келген және оның құрылған уақытынан бері жұмыс істейтін лаборанттар бар. Олар Бебчук Ольга Ивановна, Кудиярова Ольга Федоровна, Шульчева Ирина Семеновна.

       Ольга Бебчук бір күні ауылдағы киноафишаның жанынан  өтіп бара жатып, қолмен жазылған хабарландыруды көреді, онда «Құрылысы жүріп жатқан Алматы ЖЭО–сына түрлі мамандар қажет» деп жазылыпты. Хабарландыруды жұлып алып, Ольга велосипедімен көрсетілген мекен-жайға бет алады. Кадр бөлімінің  маманы бірнеше  цех атауларын тізіп айтып береді, солардың ішінде ол химия цехын таңдайды. Цех бастығы алдынан шықты.

3

Ольга Ивановна Бебчук, химиялық талдаудың  IV дәрежелі  лаборанты

«Бастықтың мені қалай қарсы алғаны әлі есімде: шалбарымның бір балағы қайырылған, шашым желден үрпиген, оған қоса, велосипедім бар....қайтесіз, бала болғам ғой. Цех бастығы күлімсіреп: «Енді автобуспен келетін боласын», - деді. Қандай жұмыс істейтінімді білмесем де, шексіз бақытты болдым, «автобус» сөзінің өзіне қуандым. Станция орны тегіс жер, ал химиялық цех -12 м белгісінде болған.  Біз,  ешқандай біліктілігі жоқ,  қарапайым қыздар, алғаш рет химиялық құралдарды қолданғанда, соншалықты мәз болып, өзімізді нағыз химиктер сияқты сезінгенбіз. Сол жылдары 2- ЖЭО  станциясының бірінші кезегінің, яғни № 1, 2 және 3 қазандық қондырғыларының құрылысы басталды. Жұмыс бастан асады,  түнгі уақытқа дейін орындаймыз. Жастықтың буымен шаршамайтынбыз. Станцияда мен жаныма жақын, жақсы, адал  достар таптым. Арамызда тәжік, украин, белорус және әрқилы себептермен Қазақстан жеріне тағдыр айдап келген түрлі ұлт өкілдері болды. Өміріміз қарқынды  болатын: цехымыздың қыздары бастаған ансамбль құрылды, сол кезде өзіміздің асханада ұйымдастырылып өтетін түрлі кештерде, іс-шараларда өнер  көрсететінбіз.  Бір жарым жыл жұмыс істеп ұйымнан бір бөлмелі пәтер алдым. 2-ЖЭО  станцияның арқасында жұмыс істейтін жастардың көбі  институтқа түсіп, жоғары білім алды.  Біз сияқты  жастарды жұмыс орнында Демина Евгения Павловна, қазіргі уақытта Швейцарияда өмір сүретін Мария Михайловна Прозорова сияқты білікті мамандар қамқорлығына алып, тәлімгер болды.  Барлығымыз аянбай  жұмыс істедік».

Ольга Ивановна 2-ЖЭО станциясында өмірінің ең жарқын жылдарын бірге өткізген барлық адамдарға алғысын білдіреді. Олардың арасында бір ауысымда жұмыс істеген Тютебаев Серік Сүйінбекұлы бар. Оның ақыл-кеңесі жұмыста және кейінгі жылдары да қажет болды.

1981 жылы станцияның зертханасында жұмыс істеуге Шульчева Ирина Семеновна келді. Ол Ольга Ивановнамен бір ауылда көрші болып  тұратын. Ольга Ивановнаның станциядағы жұмысы туралы әңгімесінің қызықты болғаны соншалық, ол да станцияға жұмысқа тұрады. Алғашында ол аппаратшы  болып жұмыс істеді.\

4

Ирина Семёновна Шульчева, химиялық талдаудың  IV дәрежелі  лаборанты

«Мен орта мектепте химия пәнін ұнатпайтынмын, химик  болам деп армандаған емеспін. Бірақ осында келгенде, химиялық зертханада жұмыс істеудің қаншалықты қызықты екенін түсіндім. Өндірістегі жұмыс қана емес, әлеуметтік өмірде де қайнап жатқан орта. Ұйым атынан бізді шаңғымен сырғанау жарыстарына жіберетін. Бірде мен тіпті 3-орынға ие болдым.  Қуанышымда шек болмады. Жарыс аяқталғаннан кейін шаңғыны тапсыру үшін  жұмысқа келген болатынмын. Баспалдақта отырған бір жігітті кездестірдім. Біз таныстық, көп ұзамай үйлендік.

Кезінде үлкен ағам жөндеуді дайындау  цехында жұмыс істеді, інім қазір сол бөлімшеде жұмыс істейді. Су зертханасының  лаборанты болғандықтан, көптеген тыңдаушыларды, жас, жаңа мамандарды дайындадым. Мен өзім тәртіпті жақсы көремін және олардан да соны талап етемін. Қазір олардың барлығын бірден есіме түсіре алмаймын, бірақ есімде анық қалғандары туралы айта аламын: Глушкова Наталья, Ахметова Әлия, Сүлейменова Индира, Маликова Гүлмира.  Олар бүгінде білікті мамандар,  менің мақтанышым».

5

Ольга Фёдоровна Кудиярова, химиялық талдаудың  IV дәрежелі  лаборанты

Лаборант жұмысындағы ең маңыздысы - жұмыс орнындағы қауіпсіздік техникасы  ережелерін сақтау, себебі бұл кәсіпте күн сайын қоймалжың реагенттер, қышқыл  және сілтілермен жұмыс істейді.

Кудиярова Ольга Федоровна: «Бізге жаңа қызметкер келгенде жетекшіміз оларға тәлімгер тағайындайды. Мен сол «жаңа адам» болдым. Менің тәлімгерім Ирина Семеновна Шульчева болды. Бір күні екеуіміз талдау жасау мақсатында шикізат үлгісін алу үшін қазандық цехына бардық. №3 станция  ҚA жанынан өтіп бара жатқанымызда  қарау терезесінен от лап етті. Мен қорыққанымнан тұрып қалдым, ал менің «тәлімгерім» Ольга Семеновна мені тастап, қашып кетті. Осы оқиғаны есіме түскен сайын  жүзіме күлкі үйіріледі.

Сол уақыттан бері біраз  жыл өтті, мен де біраз маман, атап айтсам,  Исмагулова Әсел, Серікбаева Нағима, Зина Бенке, Сүйінова Анар және тағы басқаларды дайындадым.  Басқа ұйымға кету туралы ой болған емес. 2-ЖЭО станциясы маған аса қымбат, үйім де жақын, балаларым да үнемі қараулы. Менімен бірге жұмыс істегендердің ішінде Прозорова Мария Михайловна туралы айтқым келеді. Ол өте мықты басшы, сондай-ақ кәсіби біліктілігі мен

6

Гүлжанат Қойшыбайқызы Ғабдуллина, химиялық талдаудың  IV дәрежелі  лаборанты

адамгершілігі мол  тұлға. Мария Михайловна өз қызметкерлерін жүрегімен үйрететін, бәріне көмектесетін, жұмыстың қыр - сыры туралы ақыл – кеңес пен нұсқаулық беретін.  Алексей Павлович Яковлевті де сағынамыз. Осында  жұмыс істеген уақытта ол ешқашан дауыс көтерген адам емес, үнемі біздің пікірімізді тыңдайтын, әйелдер ұжымында жұмыс істеу  және оларды басқару оңай емес екені бәріне белгілі ғой.

Гүлжанат Қойшыбайқызы Ғабдуллина 2006 жылы станцияға су лабораториясына келді, яғни, бу мен суды талдаумен айналысты.

«Менің жақын құрбым Алматы 2- ЖЭО зертхана меңгерушісі болып жұмыс істеді, бір  әңгімесінде  ол жұмысын жақсы көретінін айтты. Бұл мені өте қызықтырды. Менің біліміммен сіздердің зертханада жұмыс істей аламын ба сұрағанымда, ол: - әрине, химия пәнінен мектепте үздік едің, оның үстіне жауаптысың әрі еңбекқорсың, алайда, ешқандай жеңілдік болмайды деп ескертті. Сіздердің  сенбеулеріңіз мүмкін, мен шынымен де, жиналдым да, станцияға жұмысқа келдім. Менің жұмысым IV дәрежелі  химиялық талдау бойынша лаборантынан басталды. Жұмысымды жақсы көрем және әлі күнге дейін маған сеніп, осындай үлкен мүмкіндік берген басшыма ризашылығымды білдіремін. Ұжымым тамаша, өзімді қажетті маман ретінде сезінемін, тұрақтылықты көремін».

Маликова Гүлмира Әбдімәлікқызы 1993 жылдан бастап 2-ЖЭО  станциясында жұмыс істейді. Алғашқыда «Энергожөндеу» ӨЖК–сының жанындағы  жөндеу - құрылыс алаңында сылақшы- сырлаушы болып бастады. 15 жыл бойы жөндеу жұмыстарымен айналысты: ғимараттарды, тұрмыстық бөлмелерді, душ бөлмелерін жөндеді, қыш тақта жапсырды. Содан кейін Гүлмира Әбдімәлікқызы әйел баласына қолайлы жұмысқа ауысқысы келді, резюме тапсырды және химия цехының зертханасына аппаратшы ретінде жұмысқа қабылданды. Сол кезде ауысым бастығы Календарева Ольга Юрьевна болды.

7

Гүлмира Әбдімәлікқызы Маликова, IV  дәрежелі инженер-технолог

«Кейінірек мен өз білімімді кеңейту үшін, су зертханасына сұрандым, 2006 жылы жұмысқа қабылдандым. Дағды, біліктілігім  деңгейін барынша  арттыруға тырыстым, қазіргі уақытта  инженер-технолог болып  жұмыс істеймін. AлЭС-тің есебінен  Алматы энергетика және байланыс институтында «Энергияны үнемдеу» мамандығы бойынша оқыдым, ол үшін өте ризамын. Жыл сайын бізді мамандығымыз бойынша білімімізді кеңейту үшін кадрлар даярлау бөлімінде білім аламыз. Мен осы ұйымда жұмыс істейтінімді мақтан тұтамын, өзіндік қиындықтары да бар  әрине, құжаттарға қатысты жүктемелер бар, бірақ ең бастысы жұмыссыз емеспін. «Қозғалыс - өмір» деген сөз бар ғой. Біздің әрбір жұмыс күніміз қаламызды  жылумен және жарықпен қамтамасыз етуге бастаушы қозғалыс.

Ұлым да AлЭС - те жұмыс істейді. Жұбайым «Энергожөндеу» ӨЖК  бас инженері болды, бірақ өкінішке орай, ол бізбен бірге емес.  Ұлым екеуіміз оның ісін жалғастыра  береміз.

8

Ұлжан Торғайбекқызы Абдикерова, химиялық талдаудың  IV дәрежелі  лаборанты

Станциядағы жұмыс маған көп нәрсе үйретті: ұлым да ұйымның қаражаты есебінен оқыды және жыл сайын Челябинск қаласына өз біліктілігін арттыруға жіберілді. Ол дефектоскопшы. Бұл тапшы мамандық, сондықтан  ұдайы білім арттыру керек».  2-ЖЭО станциясына дейін Абдикерова Ұлжан Торғайбекқызы тоқыма фабрикасында тоқымашы болған. Бірақ фабрика  жабылды, ол жұмыс іздеп  станцияға келді. «Менің тәлімгерім Галина Ефимовна Гайнце болды. Біз бірге суға толықтай талдау жасайтынбыз.

Енді қазір мен жанармайды талдаудан өткіземін. Бізге отын-көлік  цехынан үш банкі көмір әкеледі, содан кейін ол үгітіледі. Талдау ылғалдылық, қалатын күл мөлшері, ұшпалылық, күкірті, калориясы сияқты көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.  

Нормадан ауытқулар болады. Біз талдау қорытындысын басшыларға жібереміз. Күн сайын осы жұмыс. Көптеген жылдар бойы біздің зертханашылар 1-ЖЭО үшін отынға талдау жасады.

Аталған станцияға Қарағанды көмірі жеткізілетін. 

Жалпы, біздің  ұйымды «отбасы» деп атаймыз. Мұнда жұмыс істеуге келген, кейіннен тағдыр қосқан ерлі-зайыптылар көп.  Өміріміздің  басым бөлігін осында өткіземіз.  Осылайша, біз де жолдасым екеуіміз осында таныстық, шаңырақ көтердік.  Біз ЖЭО жатақханасында таныстық». 

Қалаулы кәсібің де бақытыңның бастауы бола алады. Қызметкерлердің станцияны екінші  үйім деп санауы да сондай бақыт.

9

2018.05.03
2018.05.03

© 2009-2018 «Самұрық-Энерго» АҚ

Сайтты дамыту Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng