Еңбек қауіпсіздігі айлығы КТК ойынымен аяқталды

Екібастұз ГРЭС-2 станциясында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған іс-шаралар өтті.

«Еңбекті қорғау: жас жұмыскерлер әсіресе осал келеді» – осындай ұранмен Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-та еңбек қауіпсіздігі айлығы өтті. Алдыңғы жылдардағы сияқты, энергетиктер 28 наурыздан 27 сәуірге дейін жарияланған қауіпсіз және лайықты еңбек идеяларын дамыту жөніндегі халықаралық акцияға қосылды. Станцияда бұл аралықтағы кезеңде  өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелері айрықша пысықталады.

img 4910

Екібастұз ГРЭС-2 құрылымдық  бөлімшелері  геймификации элементтерін пайдалана отырып «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша үздік учаскені» анықтады. Ең білікті деген қызметкерлерді «Тәуекелдерді бағалау» конкурсы айқындады. Мамандар өндірістік қауіпсіздікті басқару және стандарттар жүйесі, цехтағы жұмыс орнын ұйымдастыру жөніндегі өздірінің білімдерін көрсетті, сондай-ақ тақырыптық қабырға газеттерін шығарды. 

img 4903

«Тәуекелдерді басқару» конкурсында бақылау-өлшеу құралдарының 3 разрядты слесары Игорь Кох ең жақсы нәтиже көрсетті, екінші орынды 6 разрядты кабель дәнекерлеуші Федор Савинов иеленді, үшінші орында –  БГТЖ 5 разрядты слесары Айназар Сыздықов. Гидравликалық құрылғылар және жер асты коммуникациялары цехы «Үздік учаске» деп айқындалды.

img 5072

Екібастұз ГРЭС-2-дегі айлықтың жабылуында өткен Көңілді және тапқырлар клубының ойыны энергетиктердің өндірістегі жарақаттанудың алдын алу және еңбек қауіпсіздігі техникасы бойынша алған білімдерін ширата түсуге көмектесті. Клуб ойынының жетінші сезонына алты команда: «Қара киімді адамдар - 2» (отын-көлік цехы), «Химиялық реакция» (химия цехы), «КиПиЖ» (жылу автоматикасы және өлшемдер цехы), «ДежаВю» (өндірістік-техникалық басқарма), «ЭЦ құрамасы» (электр цехы) және  «Строй City»  (жөндеу-құрылыс цехы) қатысты. Әзіл-сатира арқылы энергетиктер еңбекті қорғау тақырыбын әңгімелеп, станцияның өмірінен    шағын көріністер қойды және өздерінің әріптестеріне пародиялар көрсетті.   

kommisiya

Құрамына Екібастұз ГРЭС-2 еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық жетекшісі Мұрат Байтеміров, пайдалану жөніндегі бас инженер Болат Бұлымбаев, кәсіподақ комитетінің төрағасы Сәуле Ғалеева, Басқарма Төрағасының инвестиция және даму жөніндегі орынбасары Юрий Доморацкий және адами ресурстарды басқару жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Татьяна Кожина кірген қазылар алқасы әріптестерінің шығармашылығын объективті түрде бағалады.

kvn winner

Сайыс қорытындысы бойынша Көңілді және тапқырлар клубы чемпиондарының ауыспалы кубогын өндірістік-техникалық басқарманың «ДежаВю» командасы иеленді.

2018.05.02
2018.05.03

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng