Самұрық-Энерго Басқармасының жұмыстан босатылғаны туралы ақпаратқа ресми түсіндірме

Бірқатар БАҚ-тардың аталмаған дерек көзіне сілтеме жасай отырып, компанияның Басқармасы алдағы уақытта таратылуы мүмкін деген ақпараты шындыққа сәйкес келмейді.

Бүгін, 27 сәуірде, Алик Айдарбаевтың төрағалығымен «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті. Ол «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының 2018 жылғы 23 сәуірдегі шешімімен (№13/18 хаттама) жалғыз акционердің мүддесін білдіретін өкіл ретінде энергия холдингінің Директорлар кеңесінің құрамына сайланған болатын.       

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің отырысында 1 тоқсандағы инвестициялық және операциялық жұмыстың есептері, соның ішінде «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының құрамында болған өзгерістер қаралды.

Бұдан бұрын, 2018 жылғы 25 сәуірде компания тәуекелдер және құқықтық мәселелер, экономика және қаржы, қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директорлардың бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялаған болатын. Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары туралы толығырақ мына жерден білуге болады: https://www.samruk-energy.kz/ru/company/novye-vakansii.

Басқарма мүшелері тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу туралы өтініш берді. С.А. Нұрғожаевтың және Е.Е. Оспановтың Басқарма құрамына мүшелігі туралы мәселенің шығарылуы корпоративтік рәсімдерді сақтау қажеттігінен туындады және Qazaq Banki-дегі жағдаймен мүлдем байланысты емес.

2018.04.27
2018.04.27
  • Қаз
  • Рус
  • Eng