«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа төрағасы сайланды

Шешімді энергия холдингінің жалғыз акционері қабылдады

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі Алик Айдарбаев «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Кандидатура «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының 2018 жылғы 23 сәуірдегі отырысында бекітілді.

Алик Айдарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімімен (№13/18 хаттама) «Самұрық-Қазына» АҚ мүддесін білдіретін өкіл ретінде энергия холдингінің Директорлар кеңесінің құрамына сайланды. Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен холдингтің топ-менеджері «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. 

Бұрын осы лауазымды иеленген Қуаныш Бектеміровтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Алик Айдарбаев 1963 жылғы 19 мамырда Алматы облысында туған. Қазақ политехникалық институтын «Мұнай және газ кен орындарын игеру технологиясы және оны кешенді механизациялау» мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары «Южказнефтегаз», «Құмкөл-ЛУКОЙЛ» (кейінірек  «Торғай Петролиум» ЖАҚ деп атауы өзгертілген) МАҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ-да басшылық қызметтер атқарған. 2011 жылғы желтоқсаннан 2013 жылға дейін – «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры. Маңғыстау облысының әкімі болды (2013-2017 жж.), 2017 жылғы наурыздан 2018 жылғы қаңтарға дейін - ҚР Инвестиция және даму бірінші вице-министрі. 2018 жылғы 15 қаңтардан бастап – «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының активтерді басқару жөніндегі орынбасары.

Техника ғылымдарының кандидаты, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық  университетінің құрметті профессоры. РФ Үкіметінің жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының Іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесі бар. «Құрмет», «Парасат» және ІІ-дәрежелі «Барыс» ордендерімен наградталған.

2018.04.26
2018.04.27
  • Қаз
  • Рус
  • Eng