Жаңғырту жөніндегі кеңес «Самұрық-Энерго» АҚ Трансформациялау бағдарламасының іске асырылу барысын қарады

«Самұрық-Энерго» АҚ басшысы Алмасадам Сәтқалиевтің төрағалығымен өткен Жаңғырту жөніндегі кеңестің отырысына «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның өкілдері мен энергетикалық холдингтің топ-менеджерлері қатысты.

Жаңғырту жөніндегі кеңес «Самұрық-Энерго» АҚ Трансформациялау бағдарламасының іске асырылу барысын қарады

  Отырыста 2017 жылдың наурызында бастау алған Трансформациялау бағдарламасының «Корпоративтік қаржының жаңа моделін енгізу» жобасының аралық нүктелері жабық деп жарияланды. «Самұрық-Энерго» АҚ-ға және ЕТҰ-ға арналған корпоративтік қаржы процестері жөніндегі әдіснамалық құжаттарды әзірлеу аяқталды. Жоба ЕТҰ-лардың өтімділігін басқаруды орталықтандыра және қарызын бас компания деңгейінде шоғырландыра отырып, Қоғамның компаниялары тобында корпоративтік қаржыландыру функциялары бойынша бірыңғай құзыреттер орталығын құруды қамтиды.  

sovet 1

  Кешенді қауіпсіздікті басқарудың жаңа моделін енгізу жобасы аясында еңбекті қорғау жүйесінің тиімділігін талдау процесі енгізілді.

  Сондай-ақ сатып алуларды санатқаW бөліп басқару жобасы бойынша бақылау нүктелерінің  орындалу мәселелері қаралды.

  Отырыста «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2017-2021 жылдарға арналған Трансформациялау бағдарламасының Жобалар портфеліне енгізілетін өзгерістер келісілді.  Бұл мәселе бойынша құжатты «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Директорлар кеңесінде қарау туралы бастама көтерілді.

sovet 2

  Жаңғырту жөніндегі кеңестің мүшелері жобалардың жағдайы туралы ақпаратты назарға алып, шығыстарды азайту және қызмет көрсету деңгейін арттыру ретінде компанияға одан әрі әлеует бере алатын бірыңғай жаһандық процестерді енгізудің артықшылығын оң бағалады.

2018.04.16
2018.04.16

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng