«Богатырь Көмір» ЖШС-да еңбек қауіпсіздігі айлығы басталды

«Богатырь Көмір» компаниясы көп жылдар бойы Халықаралық еңбек ұйымының бастамасына қолдау білдіріп, еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында қабылданған менеджмент жүйесінің дамуына септігін тигізіп келеді

«Богатырь Көмір» ЖШС-да еңбек қауіпсіздігі айлығы басталды

 Кәсіпорында жыл сайын 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған айлықтар өтіп тұрады.

 Биылғы жылы айлық жұмыс процесін ұйымдастыруға жекелей жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшыларына арнап «Богатырь Көмір» ЖШС-да 1996-2017 жылдары еңбекті қорғауды басқару жүйесінің» бейне таныстырылымынан басталды.

 Одан әрі айлыққа кәсіпорынның қатардағы жұмыскерлері мен олардың балалары қосылады. Компания басшылығы неғұрлым белсенділік танытқан өндірістік учаскелер мен цехтарды, сондай-ақ қауіпсіздік техникасын мүлтіксіз сақтап жүрген кеншілерді  сыйақымен атап өтуді жоспарлауда. «Богатырь Көмір» ұжымы өндірісте зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету саласындағы білімі бойынша да тексеруден өтеді.

 Қауіпсіздік техникасын сақтауды балалар қалай ұғатынын балалар суреті конкурсынан көруге болады. Өмірін көмір разрезіне арнаған ата-аналардың балалары үлкен өндіріс ошағында жұмыс істей жүріп, өз денсаулығы мен өмірін қалай аман сақтап қалуға болатынын үлкендерге өздігінше әңгімелеп береді. Үздік суреттер ақшалай сыйлықтармен атап өтіледі.

 «Богатырь Көмір» ЖШС Азаматтық қорғаныс және еңбекті қорғау басқармасының басшысы Игорь Поповичтің айтуынша, өндірістегі қауіпсіздік мәселесі қай кезде де өзекті бола бермек, өйткені адами фактор жазатайым оқиғалардың негізгі себебі болып табылады.

 «Богатырь Көмір» ЖШС Азаматтық қорғаныс және еңбекті қорғау басқармасының мәліметінше, жүзеге асырылып отырған іс-шаралардың арқасында өндірістегі төтенше жағдайлар саны 2011 жылғы 21 оқиғадан 2017 жылғы 5 оқиғаға дейін азайған.

 Өткізіліп отырған іс-шараларға қоса, 2013 жылы әзірленген қауіпсіздіктің 10 «алтын ережесінен» тұратын еңбекті қорғауды басқарудың өзіндік жүйесі (ЕҚБЖ) жарақаттану деңгейінің одан әрі төмендеуі мен жазатайым оқиғалар санының қысқаруына септігін тигізетініне «Богатырь Көмір» компаниясындағылар сенімді .   

 

«Богатырь Көмір» ЖШС Баспасөз қызметі

Олег МАЛЬЧУКТІҢ фотосы

2018.04.09
2018.04.09

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng