ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫНА ЖАСЫЛ ШАМ ЖАНДЫ

Екібастұз ГРЭС-2 басшысы станцияның Жастар активі кураторларымен кездесті.

ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫНА ЖАСЫЛ ШАМ ЖАНДЫ

 «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Николай Тушинскиймен болған кездесуде жас энергетиктер атқарылған жұмыс туралы есеп беріп, өздерінің жоспарларымен бөлісті. Олар қайырымдылық концерттері мен акциялар, Солнечный кентінің мектеп оқушыларына арнап кәсіби шеберлік дәрістерін, мәдени-бұқаралық, спорттық және өзге де іс-шаралар өткізуге ниетті.

 «Станцияның жастар активінің жұмыс жоспарына сай, қазіргі таңда біз әріптесіміз Олеся Матузованың жастайынан мүгедек баласын қолдау мақсатында қайырымдылық концерт пен жәрмеңке ұйымдастыруға дайындық жүргізудеміз. Бұл біздің дәл осындай екінші жобамыз. Алғашқысын 2018 жылы қантарда өткіздік, ол Наталья Назарованың балаларына арнап ұйымдастырылған болатын. Жоба өте сәтті болды. Қайырымдылық іс-шараларын өткізу тәжірибеміз бар, ендігі мақсатымыз – бұл қажетті істі одан әрі жалғастыру», - деп Станцияның жастар активінің төрағасы Максим Рудой әңгіме өрбітті.

 Өз кезегінде, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның Басқарма Төрағасы жас энергетиктерді әркез қолдайтынын және олардың ойлаған жаспарлары міндеті түрде іске асатынын айтып сендірді. «Біздің болашағымыз сіздердің қолдарыңызда. Сіздер станцияның ғана емес, еліміздің де болашағысыздар. Үлкен жауапкершілік жүгін арқалап, қазірдің өзінде сіздер өте маңызды да қажетті жұмыстарды атқарып жүрсіздер. Көтеріңкі күймен жұмыс істеп, станцияда болсын, Солнечный кентінде болсын, іс-шараларды қалай өткізгендеріңізді көріп отырмыз. Бәріміз тізе қоссақ, жетістігіміз де мол болмақ. Көркем өнерпаздарымыздың жұмысын жалғастырамыз, өсіп-өнеміз. Станциямызда дарын иелері көп-ақ, соларды қолдау қажет».

 Кәсіпорын басшылығының жастармен кездесуі жемісті өтті. Жас энергетиктер өздерін қызықтыратын сауалдардың бәріне жауап алды. Әңгіме соңында Николай Тушинский белсенділерге жоспарлары іске асуына шығармашылық табыс тіледі. 

 Марал Ысқақова, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның баспасөз хатшысы

2018.03.30
2018.03.30

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng