«Самұрық-Энерго» АҚ-да еңбек қауіпсіздігі мәдениетін және тәуекелдерді басқаруды жақсартуда

Бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында энергохолдингтің топ-менеджерлеріне арнап еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бойынша семинарлар өткізілді.

«Самұрық-Энерго» АҚ-да еңбек қауіпсіздігі мәдениетін және тәуекелдерді басқаруды жақсартуда

 «Самұрық-Энерго» АҚ-ның топ менеджерлері компаниялардың лидерлеріне арналған арнайы тренингте ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі мәдениетін жақсартуға және ілгерілетуге басшылықтың ықпал ету тәсілдерін қарады. Оқыту іс-шараларының мақсаты – қауіпсіздік мәдениеті, басшылықтың лидерлігі мен қызметкерлердің қатысуы арқылы еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін жетілдіру.

 Энергохолдингтің директораты коучтармен бірге стратегияларды тиімді жүзеге асыруға, тәуекелдерді басқаруға және тұрақты нәтижелерге арналған құралдар мен әдістерді қарап, талқылады. Сарапшылардың пікірінше, тәжірибе көрсеткендей, компаниялардың бірінші басшылары өздері үлгі болып, осы іске қатысқан жағдайда, қауіпсіз еңбек етудің жоғары мәдениеті қалыптасады.

 Тренингтер өткізу – «Самұрық-Энерго» АҚ-да іске асырылып жатқан SKE.06 «Кешенді қауіпсіздіктің жаңа моделін енгізу» жобасының бір сатысы. Ол бизнесті трансформациялау бағдарламасына кіреді, бағдарлама аясында өндірістегі қауіпсіздік мәдениетін арттыру және тәуекелдерді басқару жоспарланған.

 Атап өтейік, 2017 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында кәсіби жарақаттар деңгейі 47%-ға төмендеді. Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында, «Самұрық-Энергоның» еншілес және тәуелді ұйымдарының бірінші басшылары мен еңбек қауіпсіздігін басқару жүйелеріне жауапты тұлғалар үшін Қоғамда оқыту іс-шаралары тұрақты өткізіліп тұрады. Халықаралық компаниялармен бірлесе отырып, еншілес және тәуелді ұйымдардың қауіпсіздік саласындағы менеджмент жүйелерінің сәйкестігіне    4 аудит өткізілді. 2017 жылы энергохолдингтің құрылымына кіретін кәсіпорындарда 4 басшы, 5 өндіріс жөніндегі бірінші орынбасар мен 2 еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің бастығы оқыды.

2018.03.26
2018.03.27

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng