«Самұрық -Энерго» АҚ топ-менеджері Қазақстанның ең үздік CFO қатарында

Қайрат Мақсұтов Қазақстанның ең үздік қаржы директорларының бестігіне енді.

«Самұрық -Энерго» АҚ топ-менеджері Қазақстанның ең үздік CFO қатарында

 «Самұрық-Энерго» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Қайрат Мақсұтов «Kazakhstan Growth Forum»:  «Ең үздік Chief Financial Officer -2018» аталымының лауреаты атанды.  Марапаттау рәсімі 2 наурызда Алматы қаласында CFO SUMMIT- 2018 қаржы блогын басқарушылар мен топ-менеджерлерге арналған жыл сайынғы саммит аясында өтті.

 CFO SUMMIT- 2018 –Қазақстанның қаржы жүйесін дамытудың перспективалары, соңғы өзгерістер, бағыттар мен инновациялар, сонымен қатар әлемдік экономиканың өзекті мәселелері талқыланатын үнқатысу алаңы.

 Саммиттің панельді сессияларындағы пікірталас барысында белгілі банкирлер, қаржыгерлер, мемлекеттік реттеуші органдардың өкілдері, саясаткерлер мен тәуелсіз сарапшылар Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың соңғы трендтері мен перспективалары туралы пікірлерін ортаға салды.

2018.03.03
2018.03.16

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng