«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ басшылығы Екібастұз энергетикалық кешенінде болды

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Алик Айдарбаев, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев 2018 жылғы 1 наурызда Екібастұз энергетикалық кешенінің кәсіпорында

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ басшылығы Екібастұз энергетикалық кешенінде болды

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Алик Айдарбаев, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев 2018 жылғы 1 наурызда Екібастұз энергетикалық кешенінің кәсіпорындарында болды.

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ Басқарма Төрағасы Николай Тушинский станцияның бүгінгі жай-күйі және «№3 энергия блогын орната отырып Екібастұз ГРЭС-2-ні кеңейту және қайта жаңғырту» инвестициялық жобасының іске асырылуы туралы ақпарат берді.

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-да 2010-2016 жылдардағы кезең ішінде жаңа электр сүзгілері орнатылып, күлұстағыш қондырғылар жаңғыртылған, «Екібастұз ҚС-1150-ны қоса отырып АТҚ-500 кВ кеңейту және қайта жаңғырту» жобасы іске асырылған, №1 ст. энергия блогының ОБ АБЖ, химиялық су дайындау жүйесі жаңғыртылған. Өндірістік активтердің едәуір жаңартылуы қоршаған ортаға тиетін әсердің төмендеуін қамтамасыз еткен.

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-да болған кезде кәсіпорынның бас директоры Рысқан Сванбаев №1 энергия блогын қалпына келтіру және отын беру жүйесін жаңғырту жұмыстарымен таныстырды. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басшылығының назарына іске асырылған инвестициялық жобалар туралы ақпарат ұсынылды. Станцияның барлық энергия блоктарында жаңа буындағы электр сүзгілер орнатылған, №№2, 8 энергия блоктары қалпына келтірілген, химиялық су тазалау және ГЗУ күл өткізгіші жаңғыртылған, АТҚ-500 жаңғырту және кеңейту бойынша жоба іске асырылған.

2017 жылы Екібастұз ГРЭС-1 электр энергиясын өндіруді 14,8 млрд. кВтс дейін арттырған, бұл белгіленген жоспарға қарағанда 114%-ды құрады. Электр энергиясын РФ-ға экспорттау 4,7 млрд. кВтс көлемінде қамтамасыз етілді. 2018 жылы Екібастұз ГРЭС-1 18,9 млрд.кВтс өндіру жоспарлануда.

2018.03.02
2018.03.13

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng