“Богатырь Көмір” ЖШС мен ЕАДБ 196,9 млн еуро сомасына кредиттік келісімге қол қойды

“Богатырь Көмір” ЖШС мен ЕАДБ 196,9 млн еуро сомасына кредиттік келісімге қол қойды

“Богатырь Көмір” ЖШС мен ЕАДБ 196,9 млн еуро сомасына кредиттік келісімге қол қойды

  Мәскеу, 22 ақпан 2018 жыл. Еуразия даму банкі (ЕАДБ) мен «Богатырь Көмір» ЖШС кредитттік келісімге қол қойды, бұл келісім бойынша Банк «Богатырь» кесігінде көмір өндіру үдерісін жаңғырту жөніндегі инвестициялық бағдарламаны қаржыландыруды көздейді. Құжатқа ЕАДБ тарапынан Басқарма төрағасы Андрей Бельянинов, «Богатырь Көмір» ЖШС тарапынан бас директор Мұрат Әбдіғұлов және бас директордың бірінші орынбасары  — қаржы директоры Николай Корсаков қол қойды.

  Шарттың талаптарына сәйкес, ЕАДБ тарапынан бағдарламаны қаржыландыру көлемі 196,9 млн еуроны құрайды. Кредиттік желі 11 жыл мерзімге беріледі.

  Шартқа сәйкес, қаражат «Богатырь» кесігіндегі инвестициялық жобаға бағытталатын болады, жоба көмір өндірудің циклдық-ағындық технологиясына көшу арқылы өндірісті жаңғыртуды көздейді. Бұл көмір өндірудің жиынтық қуатын 50 млн тоннаға дейін ұлғайтуға, түпкі өнімнің сапасын жақсартуға, шикізатты өндірудің өзіндік құнын азайтуға, сонымен қатар өндірістің қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз әсерін азайтуға мүмкіндік береді. Қазақстанның дайын өнімінің бір бөлігі Ресейге жеткізіледі деп жоспарлануда.  

  «Жоба еліміздің электр энергетикасы секторын дамытуға қолдау көрсетуге арналған, — деп атап өтті ЕАДБ Басқарма төрағасы Андрей Бельянинов. — ЕАДБ үшін сонымен қатар аталған жобаның орасан зор интеграциялық әсерінің болғаны маңызды. Оны іске асыру көмір өндіру тиімділігін арттыруға, өндіру көлемін неғұрлым ұзақ уақыт ішінде сақтап тұруға, Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы көлемінің өсімін ұстап тұруға мүмкіндік береді.  

  ЕАДБ-ның Қазақстанның аса ірі көмір өндіруші компаниясы - «Богатырь Көмір» ЖШС-мен кредиттік келісімі  2011 жылы желтоқсанда және 2013 жылы қарашада ЕАДБ көмір өндіруші компанияға арнап ашқан кредиттік желілерге қосымша, осымен үшінші келісім болып тұр. Ол кезде Банк өтеу мерзімі 7 жыл және сәйкесінше өтеу мерзімі осы секілді 25 млн АҚШ  долларын «Богатырь Көмір» ЖШС шоттарына 50 млн АҚШ долларына жуық ақша аударды.

  Банк сарапшыларының бағалары бойынша жобаны іске асыру 60,7 млн АҚШ доллары сомасына құрылыс-монтаждау бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу есебінен экономикада өнім шығаруды ұлғайтуға ықпал ететін болады. Ұзақ мерзімді перспективада  Жоба жұмыс істеп жатқан 10 жыл ішінде тұңғыш рет көмір өндіруді ұлғайту есебінен өндіру өсімі орта есеппен жылына 75 млн АҚШ доллары, сонымен қатар жылына орташа есеппен 27 млн АҚШ доллары сомасына көмір экспорттау есебінен ЕАДБ-ға қатысушы мемлекеттер арасында өзара сауданың өсуі болжанады. Бұған қоса, Жобаны іске асыру жыныстарды кесіктердің ішіне орналастыру арқылы қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз әсерді мейлінше азайтуға ықпал ететін болады.

  Анықтама:

  «Богатырь Көмір» ЖШС Қазақстандағы аса ірі көмір өндіруші компания болып табылады, оның үлесіне Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін барлық көмірдің  60%-ы және Қазақстан Республикасындағы жалпы көмір өндіру көлемінің 40%-ы тиесілі.  Пайдаланылу кезеңінде 1,5 млрд тоннадан астам көмір өндірілді. Қызметінің негізгі түрі Екібастұз көмір бассейнінің «Богатырь» кесігінде ашық тәсілмен тас көмір өндіру болып табылады. Компания 6 мыңнан астам адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ете отырып, Павлодар облысындағы негізгі жұмыс берушілердің қатарына жатады.

  Еуразия даму банкі (ЕАДБ) Ресей мен Қазақстан Банкке қатысушы мемлекеттердің нарықтық экономикасын дамытуға, олардың орнықты экономикалық өсімі мен өзара сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуге жәрдемдесу мақсатында 2006 жылдың қаңтарында құрылтайшылық еткен халықаралық қаржы ұйымы болып табылады. ЕАДБ жарғылық капиталы 7 млрд АҚШ долларын құрайды. Банктің қатысушы мемлекеттері — Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы.

2018.02.28
2018.02.28

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng