«Самұрық-Энерго» АҚ 2017 жылдың қорытындысы бойынша БАҚ қызметкерлері арасында өткен шығармашылық конкурсының жеңімпаздарын марапаттады

  2018  жылы 13 ақпанда Астана қаласында Қазақстанның электр энергетикасы саласы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ жобаларын дамыту, жаңғырту және іске асырудың өзекті мәселелерін кеңінен түсіндіру мақсатында БАҚ қызметкерлері арасында өткен V шығармашылық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті. Конкурс лауреаттарына құрмет грамоталары мен сыйлықтарды Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев тапсырды.

- Өткен жылы компания қызметінің 10 жылдығын атап өтті. Конкурсқа ұсынылған жұмыстардың көпшілігі кәсіпорынның жетістіктерін, оң өзгерістерді көрсетеді және энергетика саласында қандай адамдардың жұмыс істейтіні туралы айтады» деп атап өтті Алмасадам Сәтқалиев журналистермен кездесуде.

  Қазақстанның энергетикалық секторының қызметін халыққа таныстыру мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ журналистер арасындағы дәстүрлі конкурсты 2012 жылдан бастап өткізіп келеді.  

  Конкурсқа республикалық, облыстық, қалалық баспа және электронды БАҚ тілшілерінің 19 авторлық жұмысы жіберілді. Келіп түскен өтінімдерді қарау қорытындысы бойынша жеңімпаздарды құрамында компанияның Басқарма мүшелері бар комиссия анықтады.

  Лауреаттар тізімі мен жұмыстар сайтта мына сілтеме бойынша орналастырылды: https://www.samruk-energy.kz/ru/press/competitions

2018.02.14
2018.02.14

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng