Самұрық-Энерго ШҚ АЭК пен МЭБК акциялар топтамасын сатты

Электр желілік компанияларды сату энергетикалық холдингтің құрылымын оңтайландыруға және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның қызметін бизнестің негізгі бағыттарына шоғырландыруға мүмкіндік береді

Өткізілген екі сатылы ашық конкурстардың нәтижелері бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ-да «Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компаниясы» АҚ (ШҚ АЭК) мен «Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ-ны (МЭБК) бәсекелес ортаға сату бойынша іс-шаралар аяқталды.

Электр желілік компанияларды сату энергетикалық холдингтің құрылымын оңтайландыруға және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның қызметін бизнестің негізгі бағыттарына – дәстүрлі өндіруге, ЖЭК-ке және көмір өндіруге - шоғырландыруға мүмкіндік береді, - деп атап көрсетті экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор Қайрат Мақсұтов.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 «2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, «ШҚ АЭК» АҚ-ның 100% акциясы және «МЭБК» АҚ-ның 78,64% немесе 1580 467 жай акциясы сатылды.

2017 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ кәсіпорындар тобы электр энергиясын өндіруді 28%-ға қамтамасыз етті, бұл – Қазақстан Республикасындағы энергетикалық көмір өндірудің 40%-ға және «жасыл» энергия өндірудің 1/3-іне жуығы болып табылады.

2017.12.24
2018.02.06

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng